Назарбаев: Папуастармен жүруді тоқтату керек

Сәрсенбі, 27 Сәуір , 2016 19:54

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО-2017 көрмесінің мәдени шарасына қазақстандық әртістерді шақыра отырып, потенциалымызды ең жоғары деңгейде көрсетуіміз керек екенін айтты.

11777069

Сурет: РИА Новости

«Мәдени бағдарламалар туралы айтылды, ашылу, жабылу салтанаты жөнінде айтылды. Крутойды шақырасыздар, (бұған дейін Ресейдің танымал композиторы Игорь Крутой Қала күніне орай өнер көрсеткен), одан басқаны да шақырып, миллиондап ақша төлейсіздер. Папуастармен жүруді тоқтату керек. Өзіміздің әртістеріміз де жетеді. Қайта керісінше, өз мәдениетімізді көтеруіміз керек», – деді Назарбаев ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық отырысы барысында.

«Мен сырт жақтан осында адамдар шақырғанда, қызықты болатынына күмәнданамын», – деп қосты елбасы.

Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесі Астана қаласында келер жылдың 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтеді деп жоспарлануда. Көрмеге 100 ел қатысады деп жоспарланып отыр. Көрмеге келушілер саны 5 миллиондай болмақ. Туристердің көпшілігі ТМД, Қытай, Европа, Оңтүстік Шығыс Азия, Түркия елдерінен келеді деп болжануда. Қазіргі уақытта көрмеге 82 ел мен 14 халықаралық ұйымның қатысатыны расталды.

Жіберіп алмаңыз:

Елбасы Астанадағы тұрғын үйлердің бірінші қабатында балабақша ашуды талап етті

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Мен Нұрсұлтан Назарбаев мырзанықолдаймын өзімізде жеткілкті таңдай қақтырар елім жерім деп өзге елдерді ауыздарына қаратып жүрген аншілеріміз тұрғанда шетелдіктерді қайтпексіздер мен тек қазақтың жерінде қазақтың тойында ҚАЗАҚТАРҒАНА əн шырқасын дейм.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар