Назарбаев мемлекет есебінен пәтер алуға қатысты: Енді тегін ештеңе жоқ

Жұма, 21 Сәуір , 2017 14:09

Президент Нұрсұлтан Назарбаев баспаналы болу үшін Астанада бір пәтерге мың адамнан тіркеліп, сосын кезекке тұрып, пәтер алатындар мәселесін шешуді тапсырды.

0a84c7223cf58cac5d7d7e284e10559e

Бұл туралы Sputnik Қазақстан  хабарлайды.

“Мемлекетік қордан пәтер алуға кезекке тұрғандар саны артып келеді. Қандай мемлекеттік қор? Біз нарықтық экономикада өмір сүріп жатырмыз. Германия, Италия, Америкада мемлекеттік қорға кезекті көрдіңіздер ме? Ешкім бұл мәселемен айналыспайды. Тегін енді ештеңе жоқ. Біз нарықтық жағдайда өмір сүріп жатырмыз”, — деді Мемлекет басшысы Астана қаласының дамуы және «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық жөніндегі кеңесте.

Президенттің айтуынша, пәтер кезегі, ең алдымен, тіркеу мәселесімен байланысты.

“Кейбір жерлерде ондаған, тіпті жүздеген азаматтар тіркеледі. Мысалы, Оңтүстік Шығыс ауданындағы жер үйлердің бірінде 1700-ден астам адам тіркелген. Астанада осындай “резеңке” пәтерлер көп. Олардың бұл үйде тұрмайтыны анық қой, тек тіркелді, енді елордадан үй алуға негіз бар”, — деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысының мәліметі бойынша, өткен жылы ғана Астанада 200-ден астам осындай “резеңке” пәтер анықталған.

“Әлеуметтік әлжуаз санатына жататын адамдар жалдамалы пәтер алсын, біртіндеп төлеп, кейін сатып алады. Қалғандары, мәселен, кезекте тұрған қырық мың мемлекеттік қызметкер бағдарламамен алсын. Біз оларға жалақы төлеп отырмыз ғой. Тұрғын үй құрылыс жинағы, кредит, ипотека бар. Біз басқа дәуірге қадам бастық, бірақ бір аяқпен әлі артта тұрмыз. Адамдарды масылдыққа үйретіп жатырмыз. Осылай, басқа жақтан келіп, мың адам бір бөлмеге тіркеліп, пәтер алады. Бір ай бұрын алыстан елордаға келген адамға пәтер беріледі де, ал Астанада бұрыннан тұрып, жұмыс істеп жатқан тұрғындар пәтер ала алмай жүр”, — деп кейіді Президент. Президент жауапты тұлғаларға тіркеуге қатысты мәселені дереу шешуді тапсырды.

Тағы да оқыңыздар: 

ОҚО мен Ақтөбе өңірлерінде антитеррорлық операция жүргізіліп, 4 радикалды топ ұсталды

Елімізде дәрігерлер науқас ұшқыштарға “дені сау” деп анықтама беріп ұшуға жіберген

Қазақстанда АИ-92 бензині арзандады

Танымал журналист Баян Есентаеваға: Арлы ұлтымды азғырма

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Anonymous says:

    Басқа елдермен салыстыру үшін сол елдердің дәрежесіне жетуіміз керек емеспе ?

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар