Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде дәрігерлер науқас ұшқыштарға “дені сау” деп анықтама беріп ұшуға жіберген

ҚР Парламентінің сенат депутаттары науқас ұшқыштарды ұшуға заңсыз жіберген дәрігерлерді жауапкершілікке тартатын түзетулерді екінші оқылымда қабылдады.

xw_1076922
“Әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі мәселелері бойынша ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы” заң азаматтық авиация саласындағы заңнаманы Халықаралық азаматтық авиация ұйымының стандарттарына барынша сәйкестендіруге бағытталған, деп хабарлайды Sputnik.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 100 АЕК көлеміндегі айыппұл авиациялық медициналық мамандар азаматтық авиация саласында медициналық анықтама беру талаптарын орындамай, салдарынан ұшу қауіпсіздігі бұзылған жағдайда салынады. Егер медициналық маман айыппұл салынғаннан кейін бір жыл ішінде талаптарды қайта бұзса, 200 АЕК көлемінде айыппұл төлейтін болады.

Тағы да оқыңыз:

Тоққа түсіп екі қолынан айырылған Балғынбекке протез салып беретіндер табылды (фото)

Қазақстанда АИ-92 бензині арзандады

Арқалық тұрғынының бетіндегі кішкентай жара уақыт өте үлкен ісікке айналған (фото)

Талқылау