Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев көпбалалы отбасыларға берілетін көмек туралы: Көмек пен қамқорлық әрдайым еселеніп, арта береді

Көмек пен қамқорлық әрдайым еселеніп, арта береді. Бүгін Ақордада өткен кездесуде көпбалалы жанұяларға қолдау көрсету мәселесін қозғаған мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай дейді. Алайда президент қол жайып, үкіметтен көмек сұрауға бейімделмеу керектігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.

Нұрсұлтан Назарбаев

Елбасы бүгінде мемлекет еліміздегі көпбалалы отбасылардың жағдайын жақсарту мақсатында шаралар қабылдап жатқанын атап өтті. Ол күні кеше тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға әлеуметтік көмекті 1 сәуірден бастап беруді тапсырғанын еске салды. 

«Өткенде "Нұр Отанның" сьезінде менің айтқан бағдарламамды бәріңіз білесіздер. Оның бәрі жылдың ортасында басталады деп айтқанмен, әсіресе, көмекке мұқтаж аналар мен балаларға келесі айдан бересіңдер деп, кеше тапсырма бердім. Көмек пен қамқорлық әрдайым еселеніп, арта береді. Бірақ қазіргі нарық заманында қол жайып, үкіметтен көмек сұрауға бейімделмеуіміз керек», - дейді президент.

Өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев «бәрін үкімет береді» деген түсінік кеңес одағы кезінде болғанын айтып, бүгінгі таңда олай өмір сүруге болмайтынын айтты. Ал қиын жағдайда үкімет көмектеседі деген елбасы мемлекеттің алдындағы басты міндет жұмыс беру екенін атап өтті.

«Сол кезде бала туғаннан кейін тегін балабақшаға алады, содан кейін мектепке, оқуды бітірген соң жұмыс береді. Қазір ондай заман жоқ. Ол кезде мемлекет елдің тапқанын жинап алып, бәріне бөліп отыратын. Қазір әркім өз табысын өзі пайдаланатын кезде неше бала болатынын, оны қалай асырау керек екенін, оқуы бар, соның бәрін ойлану керек. Әрине, қиын жағдайда үкімет көмектеседі. Бірақ үкіметтің алдында тұрған негізгі міндет - жұмыс беру. Ең болмаса, отбасының бір мүшесі жұмыс істеуі керек», - дейді елбасы.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау