Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев қол қойды: Елімізде Түркістан облысы пайда болды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Жарлыққа жария түрде қол қойды.

Нұрсұлтан Назарбаев

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Мемлекет басшысы Жарлыққа жария түрде қол қою рәсімінде Шымкенттің Астана және Алматымен қатар, тұрғындарының саны миллионнан асатын қазақстандық қалалар қатарына енгенін айтты.

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңның 3-бабы 1-бөліміне сәйкес, бүгін мен қол қойған Жарлық Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәртебесін береді. Бұл әкімшілік бірлік біздің еліміздегі он жетінші аймақ болады. Ғасырлар бойы Қазақ хандығы мен түркі әлемінің саяси және рухани өмірінің жүрегі болған Түркістан қаласы облыс орталығы атанады», – дейді Елбасы.

Назарбаев қол қойды: Елімізде Түркістан облысы пайда болды

Рәсім соңында мемлекет басшысы Президент әкімшілігі, Үкімет пен облыс әкімдігіне Жарлықтың сапалы әрі жылдам жүзеге асырылуы, жергілікті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тоқтаусыз әрі тиімді қызметін қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау