Назарбаев IELTS жанжалы туралы: Құдай ондай дәрігердің қолына түсуден сақтасын

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласында ағылшын тілінің сертификатына қатысты туған жанжалға түсініктеме берді.

Назарбаев IELTS жанжалы туралы: Құдай ондай дәрігердің қолына түсуден сақтасын

Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясында айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

«Медицинаға өз қалауымен, ықыласымен, қабілетімен барған адам ғана дәрігер болу тиіс. Адам ағзасы Құдай жаратқан ең күрделі механизм. Сондықтан медицинаға қараңғы жолмен түсуге болмайды. Соңғы уақытта диплом сатып алып, университетке кейбір заңсыз жолдар арқылы түсті деп жатыр. Құдай ондай дәрігердің қолына түсуден сақтасын», – деді Назарбаев.

Медицина униветситетінің студенттеріне үндеу жолдаған Елбасы, медицина ғылымы күн сайын тың жаңалықтар шығарып жататынын атап өтті.

«Соның бәрін оқып, біліп отыру қажет. Сол үшін дәрігер міндетті түрде ағылшын тілін білуі тиіс. Үнемі әлемдік әдебиеттерді оқып, бәрінен хабары болып, тың жаңалықтардан тыс қалмағандары жөн. Жарнамаларды тыңдап, не жейтініңді білмейсің. Бүгін кофе ішуге болса, ертең оны тұтынуға болмайтынын оқисың. Кеше қызыл еттің мүлдем дұрыс емес екендігін оқыдым. Ал жануар майы ең пайдалы деп айтады», – деді президент.

Медицина университетінің студенттері нағыз дәрігерлер болу үшін оқуы керек, деді Мемлекет басшысы.

«Ол науқасты жақсы көріп, қолынан алып сипап, оған қамқор болуы керек. Міне, осыны үйрету қажет», – деді Назарбаев.

Тағы оқыңыз: 

Бұл Теміртаудағы шатыр болды: Назарбаев өзінің алғашқы жатақханасын есіне алды

Кім болса да, орнына қойыңдар: Назарбаев арандатушылар туралы әңгімеледі

Назарбаев қазақстандықтарды ақшаны тойға емес, тұрғын үйге жұмсауға шақырды

Қарапайым адам түсінбейді: Назарбаев Ақышевтың баяндамасын сынға алды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
20.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар