Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев: Ел бірлігі жоғалса, мемлекетке қауіп төнеді

Алматыда  «Астана» алаңында 1 мамыр – халықтар бірлігі күніне орай мерекелік шара жалғасып жатыр. Салтанатты шараға қатысқан Нұрсұлтан Назарбаев ел бірлігі болмаса мемлекетке қатер төндіретіндігін жеткізді.

ч

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Бірлік жоқ жерде береке де болмайды. Өйткені адам өлтіру, күрес, төбелеспен айналысуға тура келеді. Мəселен Украина экономикасын дамытуға көңіл бөле ала ма? Жоқ. Украина Кеңес одағында экономикасы бойынша екінші орынға ие болған мемлекет еді. Қазіргі таңда бұл елдің экономикасы Қазақстандікінен екі есе кем. Өйткені ел ішінде ауызбіршілік жоқ. Олар ұрыс-керіс, төбелестің мəселесімен айналысып жүр»,- деді Нұрсұлтан Назарбаев.

а

Мемлекет басшысы өз сөзінде Таяу Шығыс пен Африкадағы, Сирия мен Ирактағы жағдайды мысалға келтірді.

«Сирияда жүздеген адам қырылып жатыр. Алмағайып заманда өмір сүріп жатырмыз. Аллаға шүкір, елімізде жүздеген ұлт тату өмір сүріп жатыр. Барлық мəдениет өкілдері, ұлт өкілдері дамуға, өсіп-өнуге қақысы бар. Бізде мейрамдардың барлығы бірлікте өтеді. Бүгін христиандардың Пасхасын тойлап жатырмыз. Барлық христиандарды мерекемен құттықтаймын»,- деді елбасы.

20160501143358

Өз сөзінде елбасы халқын Бірлік күнімен құттықтап, əр шаңыраққа береке бірлік, татулық тіледі.

Талқылау