Назарбаев Джеки Чанмен кездесті
ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев танымал қытайлық актер Джеки Чанмен кездесті. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында хабарлады, деп жазады Stan.kz.

Кездесуде сондай-ақ, Қазақстанның Қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышев және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының атқарушы директоры Әсет Исекешев те болды.
Естеріңізде болса, Елбасы "Бір белдеу, бір жол" халықаралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Қытайға кеткен болатын.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"