Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев: Балаларға қазірден ағылшын тілін үйретпесек, болашақта толыққанды кадр даярлай алмаймыз

Нұрсұлтан Назарбаев білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевті қабылдап, бірқатар мәселелерді талқылады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеп Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Нұрсұлтан Назарбаев

Кездесу барысында мемлекет басшысына 2016-2019 жылдарға арналған білім мен ғылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасының атқарылу барысы жөніндегі есеп ұсынылды.

Өз кезегінде Нұрсұлтан Әбішұлы саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларды жүзеге асыру ісінде білім беру жүйесінің рөлі үлкен екенін атап өтті.

Сондай-ақ, елбасы бөлек пәндерді ағылшын тілінде оқыту процесіне тоқтала кетті.

«Пәндерді ағылшын тілінде оқу жоғары сынып оқушыларына жүреді. Балаларға қазірден ағылшын тілін үйретпесек, болашақта толыққанды кадр даярлау жұмысын жүргізе алмаймыз. Бұл – заман талабы, оған ата-аналар түсіністікпен қарауы тиіс. Бірақ қазақ тілін меңгеруді де ұмытуға болмайды», – дейді елбасы.

Білім және ғылым министрлі бөлек пәндерді ағылшын тілінде үйретуге ұстаздардың дайындығы туралы айта кетті.

«2016 жылы небәрі 2 мың мұғалім пәндерді ағылшын тілінде жүргізді. Ал өткен жылы қажетті курстан өтуге 11,5 адам өтініш білдіріп, олардың 3 мыңы курсты аяқтап, сабақ бере бастады. Тағы 8 мың ұстаз білімін шыңдап, жаңа кезеңге өтіп жатыр. Осылайша, 2019 жылы 13,5 мектеп мұғалімі төрт пән бойынша ағылшын тілінде сабақ береді», – деп атап өтті Сағадиев.

Оқи отырыңыз: 

Елбасы православ христиандарын Пасха мерекесімен құттықтады

ОҚО-да биылдыққа төртінші үшем дүниеге келді

Астана аялдамасында қарт кісіні соққыға жыққан бұзақы ұсталды

Екеуі дос болған: Министр полковниктің өліміне қатысты түсініктеме берді

Талқылау