Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев: Алыстағы туыстан жақындағы көрші артық

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Петропавлда өтіп жатқан Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты. Өз сөзінде мемлекет басшысы қазақстандықтар мен ресейліктердің көрші әрі туыс екенін айтты.

Назарбаев: Алыстағы туыстан жақындағы көрші артық

Сурет: Ақорданың баспасөз қызметі

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Мен кездесуге қуаныштымын. Алыстағы туыстан жақындағы көрші артық дейді. Біз – көршіміз, біз – туыспыз. Форум мемлекетаралық тиімді алаңға айналды. Ол ынтымақтастықтың маңызды институты болып отыр. Форумдарда 200-ден аса келісімшарт пен келісімге қол қойылды. Олардың жүзеге асуы өңірлерге ғана емес, екі елдегі экономика салаларына пайда әкеледі», – дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар мемлекет басшысы «көршілес елдердің бізден үлгі алып», Өзбекстан мемлекеті де осы тәрізді өңіраралық ынтымақтастық форумдарын өткізгелі жатқанын айтты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау