Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев: Алматы облысы – бәріне үлгі

ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Алматы облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша отандық журналисттер үшін брифинг өткізді.

Назарбаев: Алматы облысы - бәріне үлгі

Мемлекет басшысы аймақтың «жақсы жағдайда тұрғанын» айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі Ақорда-ға сілтеп.

«Облыста менің барлық тапсырмаларым толық орындалуда. Менің ойымша, бұл аймақтағы жұмыстардың бастамасы жақсы. Үш жылдың ішінде 3 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді. Тек былтырдың өзінде 35 мектеп салынды», – деді Елбасы.

Сондай-ақ, Елбасы өзінің жұмыс сапары барысында Алакөл көлінің туристік кластерін аралады. Ол жағалауда барлық әлемдік стандарттарға сай бес жұлдызды қонақ үй бар екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы «Алакөл» арқылы Шығыс Қазақстанға апаратын Алматы-Талдықорған жолының құрылысы арқасында өңірде көптеген жұмыс орындары құрылатын болады дейді. Елбасы сондай-ақ, Алматы облысы әсіресе аграрлық секторда, «барлығы үшін үлгі» екенін айта кетті. Облыс экономикасы 4,2% -ға өсті, бұл республикалық орташа көрсеткіштен жоғары.

«Алматы облысы, әсіресе аграрлық салада, бәріне үлгі болып отыр. Өңірде ауыл шаруашылығы мен құрылыс салалары өркендеп, іске қосылған әлеуметтік нысандар көбейіп келеді. Облыстың бүкіл экономикасы үш-төрт ауданда шоғырланған. Оның өзі тек өнеркәсіпті қамтиды. Осы аудандар өңір экономикасының 70 пайызын қамтамасыз етіп отыр. Басқа аудандар баяу дамуда, осы мәселеге назар аудару керек», – деді Мемлекет басшысы.

Сапар барысында Президент Талдықорған қаласындағы «Атамекен» бизнес-көрме кешенінде болды және облыста дәстүрлі түрде өсірілген ауыл шаруашылығы дақылдарын дамыту міндетін қойды.

Оқи отырыңыз:

Астанада із-түссіз жоғалып кеткен оқушы аман-есен үйіне оралды

Ақтөбеде танымал тележүргізуші Айзат Әбдісамат көз жұмған лифтіден қандай ақау кеткені белгілі болды 

«Street Workout KZ» челленджі: Мөлдір Әуелбекова келесі эстафетаны Бауыржан Байбекке жолдады (видео)

Петропавлда кафедегі төбелестен кейін 22 жастағы жігіт көз жұмды

Талқылау