Назарбаев: Алдымен үйлі болу керек, содан кейін отбасын құрған дұрыс

Бейсенбі, 10 Наурыз , 2016 15:12

Арнайы сапармен Батыс Қазақстан облысына барған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев “Болашақ-Т” ЖШС тұрғын үй құрылысы комбинатында болып, жастардың баспана алмай жатып үйленбеуіне кеңесін берді.

үйліболу

Бұл туралы skifnews  сайты хабарлайды.

“Алдымен баспаналы болу керек, содан кейін отбасын құру керек. Егер өз үйің болмаса отбасын қай жерге құрасың?! Бізде дұрыс істемейді. Алдымен баспана мәселесін шешіп алу керек, сосын үйлену керек. Мен дұрыс айтып тұрмын ғой?! Үйленіп аласың да ары-бері сандалып жүресің”,- деді Елбасы аталған комбинат жұмысшыларымен кездесуі барысында.

Назарбаев мұнан кейін жұмысшылардан жалақы мен зауыттағы жағдай туралы сұрады. Жұмысшылар болса келісіп алғандай, түгел бас изеп, бәрінің тамаша екенін жеткізді.
Елбасы сондай-ақ, Қазақстанға ешқандай дағдарыстың кері әсерін тигізбейтінін, өйткені, еліміз аяқта нық тұрғанын да айтты.

“Қазақстан аяғында нық тұр, қорымыз бар, жұмысшылардың орнын қысқартпай сақтап қалатын мүмкіндігіміз бар. Дағдарыс келеді және кетеді, ал, адамдар болса қалады. Кім жұмыс істегісі келеді, оған жұмыс бар. Ал, еріншектерге жұмыс жоқ”,- деп сөзін түйді Мемлекет басшысы.
Осылайша, Назарбаев Қазақстанның жастарын үй-жайлы болмай отау құрмауға үгіттеп отыр. Еліміздегі жастардың дені онсыз да баспанасыз жүргенін ескерсек, Елбасының бұл сөзінен кейін алдағы 5-10 жылда елімізде демографиялық тоқырау орын алуы мүмкін.

Қазақстан билігі тәуелсіздік алғанға дейін және алғаннан кейін де өз жастарын баспанамен толық қамтамасыз ете алмаған. Бүгінгі қарқынмен алдағы онжылдықта да қамтамасыз етуі екіталай. Бұл ретте қазақтың “Бас екеу болмай, мал екеу болмайды” деген мақалы тағы еске түседі. Өйткені, ерте заманда аталарымыз жастарды алдымен үйлендіріп, содан кейін ғана еншісін беріп бөлек шығарған. Яғни, ер азамат отау құрмай дүниесінің берекесі болмайды деген сенім бар халқымызда.

Мемлекет басшысы қазақтың осынау мақалын жоққа шығарды деп түбегейлі айтудан аулақпыз, әрине. Елбасының айтпағы басқа болуы да мүмкін. Президенттің не айтқысы келгенін Ақорданың баспасөз хатшысы Дәурен Абаев алдағы бірер күнде “тәпсірлеп” береді деген үміттеміз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Биылғы 1-15 маусым аралығында жалдамалы үйге құжаттар тізімі шығып үй алу үшін тұрғындар әрекет жасауда. Сол құжаттар тізімін қарап шығындар. кімдерге беріледі екен? Біздің патша үйленбей үй алында дейді де ал құжаттар неке күәлік сүрайды қызық?

  • Жұмбақ жан says:

    kiynalip jurgen jas jobaylar kop koi olarga ewkanday jarden jokpa misali men sekildi

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар