Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев: Алдағы уақытта әдеттегі еңбек күшінің 80 пайызы роботтандырылған жүйемен алмастырылады

ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев елордадағы АЭФ форумында ғаламшардың дамуындағы 5 жаһандық мегатренд туралы сөз қозғады, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.

Нұрсұлтан Назарбаев

Сурет: inform.kz

«Әлем теңдессіз жылдамдықпен өзгеріп жатыр. Адамзатты болашақта не күтіп тұрғаны өзгерістің бағытына байланысты. Бұл процестер нақты әрі жаһандық өзгеріс салдарынан туындап отыр. Оларды планетаны дамуындағы басты 5 мегатренд арқылы сипаттауға болады», – дейді Назарбаев.

Президент біздің көз алдымызда экономиканың жаңа моделі құрылып жатқанын айтты. Онда бизнес саласы ғана  емес, қоғамның тұтас өмірі цифрландырылған. Жаңа технологиялардың қарқынды дамуы мемлекеттердің бәскеге қабілеттілігін анықтайтын базалық факторларды өзгертуде.

«2030 жылға қарай жасанды интеллект әлемдік экономиканы 16 трлн долларға арттырады. Сарапшылардың пайымынша, 500 ірі компанияның 200-і алдағы онжылдықта жойылып кетеді. Сонымен бірге, цифрландырумен қатар киберқылмыс та ілесіп жүреді. Яғни киберқылмыс 2017 жылы бизнес үшін ең қатерлі қауіп ретінде танылды, алайда бұл қылмыс түрі бір жыл бұрынғы тізімде тек бесінші орында тұрған еді. Әрине, осы және өзге де факторлар елдердің цифрлық провинцияда қалып қоймауы талпынысын ескертеді. Біз де бұл шынайылықтарға бейімделудеміз. Бұл тұрғыда Цифрлық Қазақстан бағдарламасы іске қосылды. Оны жүзеге асыру цифрлық инфрақұрылымның дамуын қамтамасыз етеді», – дейді мемлекет басшысы.

Елбасы екінші мегатренд ретінде энергетикалық революцияны атады. Небары 30 жыл ішінде қалыпына келтірілетін ресурстардан алынатын қуат көлемі 13 есе ұлғайған.  Күннен қуат алатын панельдердің құны соңғы 5 жылда шамамен 2 есеге төмендеген. Мамандардың пікірінше, егер автопаркті электрокарларға ауыстырса, Жердегі ауаны 200 жыл бұрынғыдай тазартуға болады.

 «Болашақ энергиясы» тақырыбында сәтті өткен «ЭКСПО-2017» көрмесі елдегі жасыл экономиканы жүйелі дамытуыға негіз болды. 2030 жылға дейін энергетикалық баланстағы жаңартылған энергияның үлесі 30 пайызға жетуі тиіс», – дейді президент.

Мемлекет басшысы үшінші мегатренд ретінде ғаламшар тұрғындарының санының жылдам өсуін атап өтті.

«Ғаламшар тұрғындары саны жылдам өсіп келеді. Соңғы онжылдықтағы ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктері адам өмірінің орташа ұзақтығын айтарлықтай ұлғайта түсті. Соңғы 70 жылда ол 23 жылға, 48-ден 71 жасқа дейін өсті. Қазақстанда бұл көрсеткіш тек Тәуелсіздік жылдарының ішінде ғана 65-тен 72,5 жасқа дейін ұлғайды.

Дегенмен, жылдам демографиялық өзгерістер бұл мәселеге жанама көптеген шешімдерді шешуді талап етеді. Ғасыр ортасында 10 млрд тұрғынды тамақпен қамтамасыз ету үшін бүгінгі күннен 60 пайызға көп азық-түлік өндіруге тура келеді. Базалық ресурстардың шектеулігін, әсіресе тұщы су тапшылығының арта түсуін ескерер болсақ, бұл оңай міндет емес», – дейді Елбасы.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы Қазақстанда заманауи жетістіктерді пайдалану арқылы агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігін 2,5 есеге ұлғайтуды көздеп отырғанын айтты.

Президент атаған төртінші мегатренд – урбанизация сипаты мен қарқынының өзгеруі.

БҰҰ бағалауынша, ғасыр ортасында қалаларда тұратын адамдар саны 7 миллиардқа жетеді. Нәтижесінде мегаполистер дәуірі басталып, олардың арасында бәсекелестік пайда болады.

«Осыны ескере отырып, Қазақстан агломерацияны дамыту стратегиясын жүзеге асыра бастады. Егер бұған дейін бізде миллионнан аса тұрығыны бар Алматы қаласы ғана  болса, ендігі Астана мен Шымкент қосылды. Бұл процесс әлі де жалғаса беретін болады», – дейді Назарбаев.

Елбасы бесінші мегатренд ретінде жаһандық еңбек нарығындағы өзгерістерді атады. Мемлекет басшысының сөзінше, алдағы уақытта әдеттегі еңбек күшінің 80 пайызы роботтандырылған жүйемен алмастырылады.

«Қазіргі кәсіпорындар үшін жұмыс күшінің арзандығы емес, білікті қызметкерлердің болуы маңыздырақ. Дамушы елдердегі өндіріс орындары да дамыған елдерге кері қайтарылып жатыр. Мұның барлығы ұлттық экономикалар мен әлеуметтік жүйелер үшін үлкен сын-қатер», – дейді президент.

Сондай-ақ, Елбасы бұл мәселені білім жүйесін реформалау арқылы шешуге болатынын атап өтті.

«Білім беру практикасынан креативті ойлау, қажетті ақпаратты тауып, оны ұтымды пайдалана білу қабілеттерін үйретуге көшу қажет. Техникалық прогрестің жылдамдығы қазіргі адамнан бірнеше мамандықты меңгеруді және өмір бойы білім алуды талап етеді. Қазақстан бұл бағытта сәйкес жұмыстарды жүргізуде, біз бұған дайындалдық және әлі де дайындық үстіндеміз», – дейді Назарбаев.

Оқи отырыңыз:

Әблязов пен Тоқмади Бишімбаевты құрту үшін тапсырыс берді: Қорғаушының нұсқасы

Мектеп мұғалімі оқушылардың маңдайына екілік баға қойып берген

eGov.kz порталында жұмыс іздеушілерге ұсыныстар көрсетіледі

Қазақ қызы туған ағасының 14 жасынан бастап өзін зорлап келгенін айтты (видео)

Талқылау