Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев АҚШ-қа барған сапарында болған президенттер арасындағы “ұятты” әзілмен бөлісті

Президент Назарбаевтың ресми парақшасында  2006 жылы АҚШ-қа барған ресми сапары жайлы айтқан видеосы жарияланды. Онда  Нұрсұлтан Назарбаевты  АҚШ президентімен кездесудің алдында кіші Джордж Буштың әкесі  яғни 41-ші АҚШ басшысы үлкен Джордж Буш өзін үйіне қонаққа шақырғаны   жайлы айтады.


Бір күн сол үйде қонған Қазақстан президенті  жолға шығар алдында үлкен Джордж Бушпен таңғы серуенге барған. Қоштасар сәтте сол кездегі президенттің әкесі  Назарбаевқа  кіші Бушпен  кездескен кезде ыңғайсыздау сәлемін жеткізуді өтінген екен. Қазақстан президенті  ондай сәлемдемені айтудан бас тартқан кезде “Осы сөзді айтсаң, әңгімелерің жарасып кетед” дейді ұлкен Джордж Буш. Видеода  Назарбаевтың ыңғайсыз сәлемдемені аудармашылар арқылы 42-ші  АҚШ президентіне жеткізіп жатқан сәті көрсетілген.

Талқылау