Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев Ақордадағы келіссөз кезінде Мысыр президентіне алғысын араб тілінде айтты

Аққордада келіссөз жүргізу барысында әріптесін арқадан қаққан   Нұрсұлтан Назарбаев қарап қалмай, Әбдел Фаттах әс-Сисиге алғысын араб тілінде айтты, – хабарлайды КТК арнасының сайты.

56d0590e305451456494862

Сурет kazpravda.kz сайтынан алынды

Бейбарыс бабамыз билік құрған Мысыр қазақтарды өз бауырындай көреді. Елімізге ресми сапармен келген Египет президенті  бүгін осылай деп ағынан жарылды.

Орта Азия мемлекеттерін аралауға шыққан Мысыр президенті алдымен Астанаға ат басын бұрып отыр. Мурси бастаған Мұсылман бауырлар ұйымын биліктен аластатып, таққа отырған генерал әс-Сиси Қазақстанмен алыс-берісті, барыс-келісті жандандыруға ниетті. Себебі, бірнеше төңкерістен туристері қашып, экономикасы әлсіреген Каир қазір жоғалған сенімді қайтару қамында.

Мысыр Қазақстанның астығын молынан сатып алып отырған мемлекет. Сондықтан астық экспорты жандана бермек. Оның  үстіне Каир Еуразиялық одақпен еркін экономикалық аймағын құрып, Жібек Жолы жобасына қатысуды жоспарлап отыр. Тіпті Мысыр бизнесмендері Каспий теңізі жағалауынан курорттардың құрылысына ақша құюға ынталы. Ғарыш саласында байланыс орнатуды да қалайды. Өйткені, Мысыр жер серіктерін Байқоңырдан ұшырған екен. Ал Астана Египеттің дәрі-дәрмегіне зәру.

“Біздің елдердің арасы қашық болуы мүмкін. Географиялық және жүк тасымалдау жолдары қиын болар, бірақ мүмкіншіліктер әлі де көп.Сіз Египет басшылығына өте қиын-қыстау заманда келдіңіз. Болған қантөгістен  кейін ел сенім білдіріп , ауызбіршілікпен сізді сайлады. Сол үшін біз қуанамыз. Жақында Парламентте сөйлеген сөзіңізде көп міндеттер қойдыңыз. Оның барлығы бізге түсінікті. Египет  –  Араб Республикасы Таяу Шығыстағы ең маңызды үлкен мемлекеттердің бірі”, – деді елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

“Египет басшылығы, Египет халқы Қазақстанмен ынтымақтастықты өте жоғары бағалайды. Қиын- қыстау кезеңде қолдауды сезіндік. Қазақстан президентімен экономикалық байланысты жандандыруға келістік”, – дейді Мысыр Араб Республикасының президенті Әбдел Фаттах әс-Сиси.

Талқылау