Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

National Geographic журналдың 1954 жылғы мұқабасына шыққан қазақ әжейді іздеді

National Geographic бірлестігінің қызметкерлері журналдың 1954 жылғы санының мұқабасына шыққан Астана тұрғыны 80 жастағы Фазила Жаналтай әжейді іздеп, басылымның қазақша нұсқасының тұсаукесеріне арнайы шақырған.

20160527144048

Сурет: inform.kz

Шараға бүгінде жасы 80-нен асқан Фазила Жаналтай әже құрметті қонақ ретінде шақырылды. Ол кісінің суреті «National Geographic» журналының 1954 жылы шыққан санында жарияланған екен. Қытайдағы босқын қазақтар туралы мақалада солтүстік Алтайдан бастап, Түркияға табан тіреген жұрттың аянышты өмірі баяндалған. Тағдырдың тауқыметін тартып, тарихтың тірі куәгеріне айналған қарт әжей, бүгінде тарыдай шашылған сол көштің көзі тірі, санаулы өкілінің бірі саналады. Атамекеніне оралған кейуана қазір Астана қаласында тұрады.

Астанадағы Ұлттық музейде «National Geographic-тің» үздік 50 суреті» атты фотокөрме өз жұмысын бастаған. Көрме Орталық Азия өңірінде тұңғыш рет жарық көрген «National Geographic Қазақстан» журналының тұсаукесері аясында ұйымдастырылып отыр.

Жіберіп алмаңыз:

National Geographic фотобәйгесіне павлодарлық жылқышылардың суреттері ұсынылды

National Geographic журналы қазақ емшісі туралы мақала жариялады (видео)

National Geographic фотографы қазақтың үйлену тойын түсіруге жас жұбайларды іздестіруде

National Geographic ақтаулық шабандоздардың суретін жариялады

Талқылау