Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

NatGeo Қарағанды суреттерін жариялады

Қарағанды аймағында түсірілген суреттер танымал ғылыми-танымдық National Geographic телеарнасының Инстаграмдағы парақшасында жарияланған.

мммм

Израильдік фотограф Шауль Шварц Қазақстанда бірнеше түсірілімдер жасаған. Оның нысанасына Павлодар және Қарағанды өлкелері ілігіпті. Сурет бірнеше сағаттың ішінде 200 мың лайк жинаған.

Автор Қарағандыға 1 наурыз күні Халықаралық ғарыш станциясынан жерге оралатын ғарышкер Скотт Келлиді қарсы алу үшін келгенін жазыпты.

Келли ресейлік ғарышкер Михаил Корниенкомен бірге халықаралық ғарыш станциясында үзіліссіз 340 күн жұмыс істеген алғашқы ғарышкерлер болып тарихта қалды.

Талқылау