Наразылық: Алматыда автобус жүргізушілері жұмысқа шықпай қойды

Жұма, 11 Тамыз , 2017 21:37

Жалақыны көтермей, жолға шығуға құлықсыз! Алматыдағы қоғамдық көлік жүргізушілері таңертеңнен автобустарын тоқтатып қойып, басшылықтан еңбекақыларын көтеруді талап етті. Жүргізушілердің шамына тигені – тірнектеп табатын табысының айтарлықтай бөлігін айыппұл деп алып қалатыны. Араларында тіпті, жалақысынан түгел айырылғандар да көп. Автопарк басшысының да өз уәжі бар, деп хабарлайды КТК арнасы.

автобус жург3зуш3лер3

№34 және 29-бағыттар бойынша қатынайтын 29 автобус таң атқалы бері автобус паркінде қаңтарылып тұр. Соның салдарынан көп адам уақытылы жұмысына бара алмай, межелі жерінен кешікті. Ал осынша автобусты тоқтатып қойған жүргізушілердің басты талабы айлық жалақысын көтеру. Себебі, олардың айтуынша, қолма-қол төлемді 150 теңгеге көтергелі бері жағдай тіпті ушықты дейді.

Күнделік мұндай уақытта қала көшелерімен зырғып жүретін автобустар бүгін тұрған орнынан тапжылған жоқ. Қос бағыттың жүзге тарта тізгіншісі тепсініп есік алдында жүр. Өйткені, әр бағытқа кемінде 900 адамды тасу керек деген тапсырма жүктелген. Бірақ, оны орындау қиын дейді.

«Маусымнан бастап студенттер кетеді каникулға, демалыс тағы бар. 200-250 билет түсіру керек ол кезде. Ал қазір 900 билет әкеліңдер дейді. Оны біледі ешкім әкеле алмайтынын. Әкелмедің – айлығың жоқ», – дейді автобус жүргізушісі Мұқан Қалдыбеков.

«Жоспар орындамадың қарызсың деп ұстап қалып отыр. Мен сонда бір ай тегін жұмыс істеп отырмын», – дейді автобус жүргізушісі Айдос Қайырбеков.

Басшылық наразылығын ашық білдірген жүргізушілерден қатты сескенсе керек, жағдайды бақылауға тәртіп сақшылары шақыртылыпты. Директор тіпті кінәнің бәрін көлік айдаушылардың өздеріне аударып отыр. Айтуынша, бүгінде қоғамдық көліктегі қаржы айналымы барынша ашық болып келеді. Ал ол жолақыны қалтаға басып үйренгендерге жақпайды екен.

«Бірінші тамыздан адамдар карточкамен төлеп жатыр. Олар енді біздің кірісті 40 пайызға көбейткен. Енді сол ақшаны олар алмай жатыр. Алдында олар 20 мың теңгені күніге алып кеткен. Қазір сол ақшаны ала алмай қалды», – дейді «Green Bus» ЖШС директоры Бауыржан Құлышев.

Компания өкілдері әрбір тексеру жүргізген сайын сол 34-ші және 29-бағыттардан қаптаған заңбұзушылық анықтаған. Жалақыларының аз шығуы сондықтан дейді. Жүргізушілердің бұл жолғы наразылығын сот заңсыз деп тапса, барлығы жұмыстан қуылмақ. Ал жүргізушілер жағы ұжымдасып заң орындарына арызданайын деп жатыр.

Жіберіп алмаңыз:

Жантүршігерлік апаттан соң Шахандағы үйлер жылу қазандығына қосылып жатыр

Жәнібек Әлімханұлының Астана өтетін жекпе-жектегі қарсыласы белгілі болды

ОҚО-да баласы мен әкесі терроризмді насихаттағаны үшін сотталуда

Қазақ жігіті: Бастапқыда құмар ойынға тек қызығушылық болды, кейін тәуелді болып қалдым

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Anonymous says:

    Дұрыс. қолдаймын.өзіміз бір-екі сағатқа қаланың ішінде өз көлігімізбен жүргенде қалай жынданып мазасызданып жүйкеміз тозады.үйге әрең жетіп үһ деп жатамыз.ал жүргізушілер тәңертеңнен кешке дейін бір бағытта ары бері қаншама рет жүреді.жалпы шетелде автобұз жүргізушілердің жал ақысы өте жоғары болады екен.әсіресе үлкен қалаларда.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.08.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар