Қазақ жігіті: Бастапқыда құмар ойынға тек қызығушылық болды, кейін тәуелді болып қалдым

Жұма, 11 Тамыз , 2017 14:23

Құмарпаздардың жағдайын біліп, құмар ойын отауының тыныс-тіршілігімен танысу үшін қаптаған букмекерлік кеңселердің бірнешеуіне бас сұқтық. Біз куә болған жағдай­лар­дың бәрі бір-біріне ұқсас.

kukla

Үлкен экран, бәс тігуге арналған орын, адам толы үстел, ара-тұра қуан­ған, кейде кіжінген дауыс­тар. Құмар ойын отауының тұ­рақ­ты «меймандарын» әңгі­меге тартып көргенбіз. Көбі жур­налист екенімізді білген соң, емен-жарқын сөйлесуден бас тартады. Әйтсе де, сырымен бөліс­кендер де табылды. Олар­­­дың айтуынша, мұнда келе­­тін­дердің көбі тұрақты «қонақ­тар» екен. Арасында күндіз-түні букмекерлік кеңсе­ден шықпайтындар да табылатын көрінеді. Анда-санда бәс­те ұтып шықса да, шығыны аз емес екенін жасырмайды.

Бәрі бастапқыда қызық үшін бас­тап, кейін құмарлық ойынға салынып кеткен. Әйтсе де, көбінің айтатыны біреу: «Әлі бәс тігіп көрмегендер болса, бұған жоламағаны дұрыс». Біз барған бәс кеңсесінің тұрақ­ты келушісі Алматтың айтуын­ша, мұндағылар «қада­лып» қалған сәтін жиі айта бермейді. Әйтсе де, тіккен 100 бәсінің біреуінен ұтыс шықса, оны жыл бойы жырлауға бейіл. Өзін Әлішер (есімі өзгер­тілді) деп таныстырған жігіт­тің бас­тапқыда тіккен бәсі әр­дайым ұтысты болып жүрген екен. Алғашында қызық үшін бас­талған ойын кейінірек құ­мар­­лыққа айналып кеткен. Алай­да кейінірек көп мөл­шер­де ақша тігіп, ұтылып қа­лып­­ты. Содан бері осында жүр. Әлі­шер білдей бір меке­ме­нің қыз­меткері. Жұмыс­тан шы­ға сала осы кеңсеге жүгіреді. Қазақстан букмекерлер жә­не тотализаторлар ұйымы­ның құрамына 27 букмекерлік кеңсе тіркелген екен.

Ал Спорт және денешынықтыру істері коми­тетінің мәліметі бойынша, бук­­мекерлік кеңсе ашуға 55 рұқ­сатнама берілген. Алайда соның 17-сі ғана жұмыс істеп жатыр. Жалпы, «Ойын бизнесі туралы» заңның 9-бабына сәйкес, букмекерлік кеңселерге лицензия 10 жылға беріледі. Соңғы деректер бойынша елімізде бұл бизнес саласында шамамен 30 миллиард теңге айналымда жүрген көрінеді. Әйтсе де, нақты соманы дөп басып айту қиын. Өйткені, табысын жасырып қалатындар да болуы мүмкін. Негізі букмекерлік кеңсе қыз­метіне біздің елде рұқсат етіл­ген. Оны ашу үшін керекті құжаттарды жинап, Мәдениет және спорт министрлігіне тапсыру керек.

Лицензия алу құны ‒ 640 айлық есептік көрсеткішке тең (1452160 теңге). Сондай-ақ, букмекерлік кеңселерде 40 000 АЕК көлемінде, тотализаторларда 10 000 АЕК мөлшерінде мін­детті қор болуы тиіс. Ал ай сайын­ғы салық мөлшері бук­мекер­лік кеңселердің кассалары үшін ‒ 150 АЕК, солардың элек­т­ронды кассасына ‒ 2000 АЕК-қа тең. Екі жыл бұрын осы ойын биз­несіне байланысты заңға өз­­ге­рістер мен толықтырулар енгізілген-ді. Сонда міндетті қор көлемі мен салық мөлшері ұлғайған-тұғын. Сондай-ақ, букмекерлік кеңселердің орналасуына қатысты да пункт бар. Атап айтар болсақ, 11-бап­­тың 3-тармағында былай делін­ген: «Ойын меке­ме­лері, тота­лизатордың немесе бук­­­ме­кер кеңсесінің касса­лары тұрғын емес үй-жай­лар­­да орна­лас­ты­рылуға тиіс. Олар­­ды тұрғын үйлердің (тұр­ғын ғи­ма­рат­­тардың) тұр­ғын емес үй-жай­ларында, өнер­кәсіп­тік кәсіп­орындар мен олар­дың кешен­дерінің ғима­рат­­тарын­да және басқа да өн­діріс­тік, коммуналдық объек­ті­­лер­де және қойма объекті­лерін­де, ғи­ба­дат үйлерінде (құры­лыс­та­рын­да), мемлекеттік орган­дар мен мекемелердің, білім бе­ру, денсау­лық сақтау, мәде­ниет ұйым­дарының, әуе­жай­лар­­дың, вок­зал­дардың ғима­рат­­та­рын­да, қалалық және қала маңы қа­ты­­нас­тарындағы қ­о­ғам­­дық кө­лік­­тің барлық түр­л­ері­нің стан­­са­­­лары мен аялдамаларын­да ор­­на­­лас­тыруға тыйым салынады». Жалпы, бәс тігу әлем бойын­ша да кең көлемде жайыл­ған.

«Sportradar» деректер жинау орта­лы­ғының директоры Дар­рен Смол «BBC» арнасына берген сұх­батында заңды және заң­­сыз кеңселерді қосқанда, букме­кер­лік нарықтың құны 700 мил­лиард доллардан 1 трил­лион долларға дейінгі аралықта болуы мүмкін екенін айтады. Ал «The Guardian» газетінің мәліметіне сүйенсек, бәске ақша тігетіндердің 82 пайы­зы ұтыл­ып қалатын көрі­неді. Атал­ған басылым букме­кер­лік кең­се­лердің әрдайым та­быс­ты болуының бірнеше себе­бін көр­сетеді. Біріншіден, бола­­шақ­ты болжау қиын. Тіпті кәсі­би мамандар да өз саласы­ның келешегін нақты айта ал­май­­ды. Екіншіден, бәс тігу жүйе­сі құмарпаз үшін қолай­сыз жа­­сал­ған. Яғни, бәс тігуші­нің ұты­лу ықтималдығы өте жоғары. Асыл дініміз Ислам да бәс тігуді құптаған емес.

Тіпті құ­мар ойынды харам деп санайтынын мүйізі қарағайдай дін мамандары талмастан айтып келеді. Бұл туралы Мұхаммед пайғам­бар (с.ғ.с) өзінің бір хади­сінде: «Кім өз досына: «Жүр, құмар ойын ойнайық» десе, садақа берсін», – деген. Мұ­нан мынаны түсінуге болады: кімде-кім досына құмар ойын­ды ойнауға ұсыныс жасаса, оның садақа беруі – міндет. Демек, ол күнәсінен садақа бе­ріп қана құтыла алады.

Букмекерлік кеңселер елде заңды жұмыс істеп тұрса да, оған шырмалып, басы бәлеге қал­ғ­анд­ар жиі кездеседі. Бүкіл тапқ­анын құмар ойынға салып, отбасынан ажырап қалғандар туралы баспасөз беттерінен аракідік оқып қаламыз. Мұны өз рақаты үшін ақы төлеу деп ақтап алуға болар. Әйтсе де, барын осыған тігіп, өзі ғана емес, айналасындағы туыс­тары­­на да зиянын тигізіп жүр­ген­­дер­дің кездесетінін ескерсек, бәс тігу мәселесі ойлант­пай қой­май­тыны анық. Өкі­ніш­ке қарай, айтылған ескертулер мен құмар ойынға шыр­мал­ғандардың көпті­гі­не қара­мастан, букмекерлік ке­ңсе­лер қалалардағы халық көп жүретін жерлерде жаңбыр­дан кейінгі саңы­рау­құлақтай кө­бе­йіп барады.

Абай Асангелдіұлы, «Егемен Қазақстан»

Тағы да оқыңыз:

Белгілі ақын Жаратқанға күмән келтіріп, ел алдында ішімдік ішкен Әшімовті сынап тастады

Бішкек халқына кітабын таныстырған Баян сахнада асыр салып биледі (видео)

Мақпал Жүнісова продюсерлікпен айналыспақшы

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар