Белгілі ақын Жаратқанға күмән келтіріп, ел алдында ішімдік ішкен Әшімовті сынап тастады

Жұма, 11 Тамыз , 2017 14:08

Белгілі ақын әрі журналист Нағашыбай Қабылбек 80-ді алқымдаса да ел алдында ерсі әрекетке барған абыз актер Асанәлі Әшімовті сынап тастады. Ақынның айтуынша, отандық бағдарламалардың біріне қонаққа келген Әшімов Құдайдың бар екеніне күмән келтірген. Одан қалса, эфир барысында журналистпен бірге ішімдік ішкен.

нагашыбай кабылбек 110817Ақынның “Құдайды танымау Асанәлі көкеме лайық іс пе еді?” атты мақаласы elana.kz сайтында жарияланды.

«Ашынғасын айтамын да. «Евразия» телеарнасында «Кешкі кездесу» жүріп жатыр. Атақты Халық әртісі Асанəлі Əшімов 80 жаста. Атақ-абыройы бір басына жететін абызымыз құрмет биігінде. Шалқып отыр. Өмірдің түрлі соқпағынан өтіп мүжілмеген, қызығы мен шыжығына еңсесін түсірмеген тұлғаға бәрі жарасып-ақ тұр. Еркін сөйлейді. Қиядан шалады. Ойнақы сөзбен тұла бойыңды тербейді. Тек көзі құрғыр жасаурай бергені болмаса…  Еңсесін тік ұстауға тырысады.

Жалындаған жастықтың ауылынан алыстағанымен, шалт қимылы шабан тартқан көңілін қамшылап қояды. Құрық түспей құтырған көк дөнендей жастығы көз алдынан өтіп жатыр ма, кім білсін?!

Көңілі қанша қарттыққа мойынсұнбағанымен, беделі қыр асқан актердің бет-пішінінен уақыттың өрмекшісі салған әжім-торлар мен мұндалайды. Жақсы қартаюдың өзі екінің біріне бұйырмаған бақ қой, шіркін!» – деп бастады әңгімесін ақын.

Оның айтуынша, қос перзентін қара жерге тапсырған актердің шыдамдылығына қайран қалуға болады. Алайда қаншама әріптестері шықпаған шыңға шығып, олар көрмеген қызықты көріп отырған абыз актер кішіге үлгі бола білуі керек деп санайды ол.

«Олардың көрмеген қызығын, аспаған асуын, шықпаған шыңын бағындырып, Тәңір берген талантымен дарабоз атанған ақсақалдың енді қалған ғұмырында, өткенге салауат айтып, бергенге шүкірлік етіп,  Алланы ұлықтап жүруі өзіне ғана емес, өскелең ұрпағы үшін де мәртебе, зор үлгі-өнеге  емес пе?!

Алайда ел еркесі Асекең бұл үдеден шыға алмады. Оның ақсақалдыққа мүлде жат ерсі әрекеті асекеңді пір тұтатын талайларды жерге қаратты. Өкінішті, әрине», – дейді автор.

Бұдан кейін ақын Әшімовтің эфир барысында журналистпен қосылып коньяк ішкенін, тіпті «60 жыл бойы арақ ішіп келемін» деп араққа жарнама жасағанын айтып сынады.

«Алабұртқан журналиске: «Мына коньягің «Асанəлі» емес пе?» — деп бір күлдіріп алды. Өз атының арақ-шараппен байланысы барына қуанғаны ма, мақтағаны ма бұл?.. Ол — ол ма, жедел сұрақтарға жауап беру барысында: «Құдайға сенесіз бе?» — деген журналист сауалына: «Бір күш бар, ол анық. Бірақ ана дүниеге барған ешкім жоқ қой. Меніңше, жұмақ деген — осы өмір. Тозақ — тіршілікте көрген қиындығың! Сондықтан Құдайға деген көзқарасым нақты емес», — деп, айды аспанға шығарды атақты актер. Тізе берсек, тырнақ астынан кір іздегендей боламын-ау….

Ата сақалы аузына түскен қарияның «қабір азабы» туралы түк сезінбеуі — оны бұрмалап келекелеуі исі мұсылман баласына жат қылық. «Кеудемнен жанымды алсаң да, жүрегімнен иманымды алма» деген даналардың тұяғы, жазық жерде шалыс басатындай не көрінді?! Атеистік көзқарастың сүйекке мұншалықты сіңетінін кім білген?! Дүниенің жалған екенін бір кісі білсе, осы кісі білуі керек еді.  Əттең!..

Баяғының оқымаған шалдары «баратын жері» туралы бөстекі сөйлемей, дайындығын жасап отыратын еді. Арақты татып алмаушы еді. Өлім жайлы жиі əңгімелеп, жастарға ұлағатты ісімен үлгі еді. Сонысымен де қадірлі еді… ал қайран Асанәлі көкем…

Бүгінгінің шалдары бір түрлі болып барады. Аллаға сенбейді, көпіріп сөйлейді. Көз алдынан басқа еш нəрсені көрмейді… Əттең, бір кем дүние!..» – деп түйіндеді сөзін Нағашыбай Қабылбек.

Жіберіп алмаңыз:

Бішкек халқына кітабын таныстырған Баян сахнада асыр салып биледі (видео)

Мақпал Жүнісова продюсерлікпен айналыспақшы

Тоқтар Серіков Бейбіт екеуінің әнін Қуандық пен Мөлдірге сыйлады (видео)

Мейрамбек Бесбаев: Бастықтарды ғана “күтетін” жағдайда жүрміз

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

11
Комментариев
  • Anonymous says:

    Асекең өз ойын бүкпесіз жеткізіп отыр,жас кездерінде арақ ішіп,ойларына келгендерін істеп ,енді құранды қоддарына ұстап, құдайды әуыздарынан тастамайтын молдасымақтардан бұл кісінің ары мың есе таза!Ендігі қараламағандарың Асанәлі болдыма?

  • Anonymous says:

    Арақ ішпесе неге тағы басқа нəрсе ішпейді…Құдайға күдікт келтіргеніне қатты өкінеді бірақ тым кеш болады….өкініші пайда бермейді…

  • Anonymous says:

    Қабылбек дұрыс сын айтқан. Асанəлі бүкіл Қазаққа қалай үлгі болады егер Аллаһқа сенбесе, ішкені арақ.
    Жастарға ақыл айтып Даналығын корсетпиме.

  • Anonymous says:

    Атаға сөз тигізгенше көшеде жатқан ішкіштерді неге айтпайсыз? Бұл сөз ететін нəрсе емес!

  • Anonymous says:

    Не только шалдар. Кемпирлер ше? Жастардан калыспай тырнактарын бояп, кирпик жалгап, немере десе шошып кашады. Бари емес арине. Бирак коп осындай ажелер.

  • Anonymous says:

    Сөзім жоқ Қазақ өз бір жерін өзі шұқиды деген осыдан шыққан шығар Асекеңді шұқыламай ақ басқасын дұрыстап алайықшы ол кісінің артық кеткен ештемесі жоқ

  • Anonymous says:

    Ет сасыса тұз себерсің….Тұз сасыса не себерсің?! Заманның азғындағаны да…

  • Anonymous says:

    Арак ишетин адамды биринши рет коргендей сойлегени неси, Ол киси барин дурыс айтты. Салынып ишетин алкаш емес кой,анда санда коньяк ишсе онын неси айып. Бул макаласымен Асанали агамыздын ел алдында дарежесин тусиргиси келгени ме, калай?!

    • Anonymous says:

      Биринши Асекендей болып ал, сосын сын айт. Онын енбеги коп диндарлардан, молдалардан артык. Ол киси ешнарсеге тауелди емес, оз ойын еркин айтып отыр. Адам еш нарседен шектелмеу керек, биргездери биреу былай деген , енди ол былай болу керек деп , бир затты кайталай бермей, онын орнына жанадан технология ашыуга, алга умтылуга тырысу керек. Казир кырылысып жаткан, корлык корип, кинаси жок бала -шага, карттар кырылып жаткан кай елдер? Сол дин дамыган, дин мемлекеттик елдер емеспа?.Неге казирги кезде жастар гылыммен айналысудын орнына дин саласына тусип кетти? Нагыз мусылман биринши озин билу керек, аллахка сенетинди елдин алдында жария кылмай, тыныш озин мег озин, аллана сенип кулшылыгынды жасап журебермейсинба?

  • Anonymous says:

    Апырай-а! Нагашыбай курдастын дегени деген екен. Дастурден озбау керек.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.08.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар