Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Нар тәуекел”, “Ыстық ұя” телехикаялары арқылы танымал болған кәріс актрисасы тұрмысқа шықты

Танымал кәріс актрисасы Сон Хе Ге әріптесі Сон Чжун Киге тұрмысқа шықты.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Олардың үйлену тойы 31 қазан күні өтті. Биыл 36 жасқа толған Сон Хе Ге мен дорамадағы әріптесі 32 жастағы Сон Чжун Ки тойларын жақын туыстары мен достары арасында атап өтті. Қос ғашық осы уақытқа дейін “Күн ұрпақтары” телехикаясында бірге ойнап, махаббаттары сол жобадан кейін өрбіген. Мұнымен қатар, БАҚ-та екеуінің кездесіп жүргені туралы түрлі ақпарат тараған-ды.

Еске салайық, Сон Хе Ге өнер жолын 1996 жылы “Бақытты күн” телехикасына түсу арқылы бастаған еді. Алайда “Жүрегімде қалған күз” телехикаясынан кейін ғана танымалдылыққа ие болды. Ал қазақстандық көрермендерге “Нар тәуекел” (“All In”), «Ыстық ұя» телехикаялары арқылы танылды. Ал Сон Чжун Ки “Сонгюнгвандағы жанжал” (Sungkyunkwan Scandal), “Күн ұрпақтары” (Descendants of the Sun) дорамасы арқылы танылған. Осы жетістігінен кейін актер Оңтүстік Кореяда сұранысы ең жоғары актерлердің қатарынан орын алды.


Жіберіп алмаңыз:

Роза Әлқожа жасы 40-қа жақындағанда диплом алды

Шоқан Маратұлы әйелі мен ұлын перзентханадан шығарып алды

Интернатта өскен Мақпал Жүнісова онда көрген қорлығын ұмыта алмай жүр

Мәдина Сәдуақасова «Бала дауысында» жерлесін жақтап кетті

Талқылау