Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мысырға оқуға кеттім деген ақтөбелік жігіттің Сирияда соғысып жүргені анықталды

Сирияда соғысып жүрген ақтөбелік жігіт сырттай қамауға алынды. 25 жастағы Руслан Қуанов осыдан үш жыл бұрын Мысырға арабша үйреніп, діни білім алуға кеттім деп туыстарын алдаған. Бұл туралы КТК хабарлайды.

ысыс

Бірақ қай университетте оқып жүргенін айтпапты. Кейін белгілі болғандай Руслан Сириядағы содырлардың қатарына қосылған. Онымен қоймай, әлеуметтік желілер арқылы еліміздегі таныстарын қарулы қақтығысқа қатысуға шақырыпты.

Қазір Қуановқа халықаралық іздеу жарияланды. Ұсталған жағдайда сотқа сүйреп жүрмес үшін тергеушілер алдын ала санкция алуды жөн санаған. Ол үшін қалалық сотқа өтініш түсіріп, сырттай шешім шығарып берді.

“Қуановқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтініш қанағаттандырылып, ұсталған күнен бастап екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді”, – деді Ақтөбе облыстық сотының баспасөз хатшысы Анар Айтжанова.

Талқылау