Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мысырда ұсталған 6 қазақстандықтың тағдыры әлі күнге белгісіз

Қазақстандық дипломаттар Мысыр билігінен қазақстандықтардың қамалуына қатысты түсініктеме беруді талап етіп жатыр.

studentter-620x410

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

“Мысырдың құқық қорғау органдары ұстаған біздің отандастарымызға қатысты мысыр тарапының әлі күнге дейін олардың қайда екенін жөнінде ресми ақпарат бермегенін хабарлаймыз. Каирдағы Қазақстанның елшілігі биліктен түсінік беруді және біздің консулдың қазақстандық азаматтармен кездесуін талап етуде”, – деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов.

Мысырдың ресми билігінің мәлімдеуінше, қазақстандықтар аман-есен, ешқандай қауіп жоқ.

“Бейресми ақпарат бойынша елде болған бірнеше терактіден кейін төтенше жағдай режімі енгізіліп, қазіргі уақытта Мысырда түрлі себептер бойынша ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін іс-әрекет жасады деген күдікпен адамдарды ұстау бойынша арнайы операциялар жүргізіліп жатыр”, — дейді Жайнақов.

Осыған байланысты ҚР елшілігі Мысырда жүрген қазақстандықтар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

“СІМ басшылығы Мысырдағы біздің отандастарымыздың тағдыры мәселесін ерекше бақылауда ұстайды. Бүгін Каирдағы Қазақстан елшісі Мысырдың сыртқы істер министрінің орынбасарымен тағы да осы мәселе бойынша кездесті”, — деп түйіндеді сөзін Жайнақов.

Осыған дейін Египетте жоғалып кеткен қазақстандық студенттерді іздеу әлі жалғасып жатқанын ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлаған болатын.

Жоғалған студенттің әкесі оларды “әскери адамдардың алып кеткенін” хабарлаған еді.

Оқи отырыңыз:

Дәрігер үміт жоқ деген: Марлен мен Әнел ауыр дертті қалай жеңгендерін айтып берді

Алматыда ауқатты отбасының баласын өлтірген жүргізуші сот барысында қайтыс болды

ОҚО-да 70 жастағы қария өзіне әйел іздейтінін айтып хабарландыру жариялады

Алматы облысында ұшақ құлап 2 адам қаза болды (видео)

Талқылау