Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мысықтан қатты қорқатын ит құлаққаппен әуен тыңдап, сериалдар көргенді ұнатады

Джо атты 6 жасар ит Калифорния штатының Фримонт қаласында тұрады. Бұл иттің өзге иттерден ерекшелігі – ол мысықтардан өте қатты қорқады. Ал, музыка тыңдағанды жаны сүйеді.

1467879814_kogda-etoy-sobake-strashno-ee-hozyaeva-nadevayut-na-nee-naushniki-i-vklyuchayut-video

Сурет: nz1.ru

Иттің иесі далада салют атылып, у-шу болып жатқанда Джоны тыныштандыру үшін оған құлаққап тағып, видеолар көрсетеді.

Иесінің айтуынша, Джо Animal Planet жануарлар арнасын көргенді ұнатады екен. Тіпті, сериал да көреді. Иттің осындай ерек ше әрекеттерін желіге түсіріп жариялағанда, қолданушылар тарапынан айтылған кеңестер көп болған. Олар иттің психикасын зақымдамау керектігін жазған.

Жіберіп алмаңыз:

Британиялық компания иттерге арналған теледидар пультін шығарды

Германия университетінің бірінде мысық жұмыс істейді

Талқылау