Мьянма басшысы рохинджа мұсылмандарын қайта елге кіргізуге дайын екенін айтты

Сейсенбі, 19 Қыркүйек , 2017 14:36

Мьянманың мемлекеттік кеңесшісі әрі көшбасшысы, Нобель лауреаты Аун Сан Су Чжи Бангладешке қашқан рохинджа мұсылмандарын қайта елге кіргізуге дайын екенін мәлімдеді.

мьянма басшысы халкы

Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Мьянма астанасы Нейпьюдода өткен парламент жиынында сөз сөйлеген Аун Сан Су Чжи рохинджа халқы туралы пікір білдірді. Ракхайн штатында этно-діни алауыздықтар өршіп кеткен соң, мемлекеттік кеңесші алғаш рет 2012 жылы бұл мәселені көтерген болатын.

“Біз Ракхайн штатында қай тараптың болмасын заңсыз зорлық-зомбылық әрекеттерін құптамаймыз. Қақтығыс барысында заң бұзғандар мен кінәлілер түгел жазаланатын болады. Шиеленісте зардап шеккендерге қайғырып көңіл айтамыз”, – деп мәлімдеді Аун Сан Су Чжи.

Билік атынан сөйлеген мемлекеттік кеңесші Мьянма басшылығының Ракхайн штатында бейбітшілік пен қауіпсіздікті, тәртіп пен тұрақтылықты қалыпқа келтіруді көздеп отырғанын алға тартты.

Аун Сан Су Чжи елден қашып, Бангладештен пана сұраған 410 мың босқынның Мьянмаға қайтып оралуына болатынын мәлімдеді. Тек алдымен ол адамдардың Мьянмада тіркелген не тіркелмегені тексеріледі.

“Тексеру процессін кез келген уақытта бастауға әзірміз”, – деп мәлімдеді ол.

Бұдан бөлек, мемлекеттік кеңесші 5 қыркүйекте Ракхайнда әскерилер қақтығысының болғанын жоққа шығарды. Бұдан өзге, Аун Сан Су Чжи қақтығыс туған уақытта Ракхайнда тұратын рохинджалардың басым бөлігінің өз үйлерінде қалғанын атап өтіп, халықаралық қауымдастықты осыған баса мән беруге шақырды.

Жіберіп алмаңыз:

Женевада сантехниктер кәріз құдығынан 10 мың евро тауып алды

Рохинджа мұсылмандары адам төзгісіз жағдайда өмір сүріп жатыр

Әйел балаларының демалысын бұзбау үшін 10 күн бойы құрсағында өлі сәбиді көтеріп жүрген

Ресейлік әйел шамаданға жасырынып Түрік шекарасынан өтпекші болды (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар