Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«МузАрт» тобының әншісі сахнаға ақ аюларды алып шықты (видео)

Күні кеше Алматыда болған «Жыл таңдауы» музыкалық ән байқауында «МузАрт» тобының мүшесі Кенжебек Жанәбілов пен әнші Жаңабай Өтегенов сахнаға ақ аюлармен бірге шықты.

15043774_1218758281539066_654400480146882560_n

«Алматы-Арена» мұз айдынында өткен ән кешінде үздік деп танылған 65 әнші өнер көрсетті. Олардың ішінде 20-дан астамы арнайы статуэткаға ие болды. Солардың бірі – «МузАрт» тобы. Концерт барысында Кенжебек Жанабілов және Жаңабай Өтегеновпен бірге сахнада аюлар бой көрсетті.

Таңданысын жасыра алмаған тыңдармандар: “Ақ аюлар күшті болды”, “қандай сүйкімді аюлар”, – деп пікір білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірнеше ай бұрын Кенжебек Жанәбілов пен Жаңабай Өтегенов аталмыш әнге бейнебаян түсірген болатын.

 

Жіберіп алмаңыз:

Түркияның әншісі Бурай Қайрат Нұртаспен бірге «Байқа» әнін орындады (видео)

Аша Матайдың әкесі бажасын түрмеден шығаруға көмектесетінін айтты

“Кеш you” тобының бұрынғы әншісі продюсерлікке бет бұрды (видео)

«Кеш you» тобындағы Ақбота тұрмысқа шықты ма? (фото)

Талқылау