«МузАрт» тобы «МузАрт live» жобасы келісіліп қойған» дегендерге жауап берді

Жұма, 25 Қараша , 2016 9:40

Желіде “МузАрт live” жобасы әділетсіз, бәрі алдын ала келісіліп қойған” деп пікір қалдырушылар көбейген. Топ мүшелері ел арасында жүрген түрлі қауесеттерге жауап берді.

vBmDAPK1EoY

Бұл туралы Қазақстан арнасының «Таңшолпан» бағдарламасында айтылды.

Мейрамбек Бесбаев талантты жастардың көп екенін, таңдаудың қиынға соғып жатқанын айтып өтті. Сондай-ақ ол жобаның айналасында жүріп жатқан түрлі кереғар әңгімелердің нұктесін қойды. Айтуынша, «МузАрт live» жобасы алдын ала жеңімпаздарды анықтап, бәрі келісіліп қойған» деп қауесет таратушылар көбейген.

«Өкінішке орай, бәрін мәреге сүйрей алмаймыз. Дегенмен ең жақсысын таңдап аламыз ба деп отырмыз. Жобаның айналасында түрлі жалған ақпараттарды да естіп жатырмыз. «Шешіліп қойған екен. Алдын ала белгіленіп қойған екен» дейді. Құдай сақтасын, ондай жоба болса біз оның басы-қасында болмаймыз. Әділетсіздік болған жерде бәрібір нәтижесі белгілі ғой. Бұл өнер. Талантты адам бәрібір көрініп тұрады. Бұл жерде ешкімнің танысы не болмаса жерлесі деген әңгіме жоқ. Барлығы көз алдымызда болып жатыр. Керек десеңіздер, желтоқсаннан бастап халықпен бірге таңдаймыз. Бізге қандай топ керек? Топтың бәрі «МузАрт» болмау керек. Келешек жастар басқаша болуы керек. Халыққа қандай топ керек? Қазіргі заманға сай қандай өнерпазды қалайды? Ерік өздерінде, бірге таңдаймыз», – деп атап өтті ол.

Кенжебек Жанәбілов «МузАрт live» жобасындағы «ең қатал төреші» деген атқа қалды. Оған себеп әншінің жоба барысында бір емес бірнеше рет «МузАрттық» топтастарымен келісімге келмей, қатысушыларды өткізбей қоюы. Әнші көрермендер назына жауап берді.

«Әркімнің көзқарасы әртүрлі. Ол жерде мен өз көзқарасыммен, қасымдағы сарапшыммен келісе отырып шешім шығарамын. 1-2 баланы өткізбей қойғаным рас. Бірақ кейін олар маған хабарласып: «Кенжебек аға, мен негізі топқа келмейтінімді білемін» деп мойындады. Оны мойындаудың өзі де ерлік деп ойлаймын», – деді Жанәбілов.

Сәкен Майғазиев те Кенжебектің пікірін қостай кетті.

«Меніңше, көбінесе шығып қалған жігіттердің таныс не туыстары пікір қалдырады. Олардың көзқарасында басқа жігіттер шығып қалуы керек екен. Сол сияқты біздің де өз көзқарасымыз бар. Кенжебектің, менің тарапыма көп сын айтылып жатыр. Дұрыс таңдау жасамадыңыздар дейді. Көрермендер түсіністікпен қараса дейміз. «Тура биде туған жоқ». Мысалы, менің екі бірдей шәкіртім қатысты. Соның біреуін Кенжебек екінші айналымда шығарып жіберді. Менің шәкіртім еді деп алып қалған жоқпын. Тіпті, ол туралы жігіттерді құлағдар еткен жоқпын. Өйткені шын талантты таңдауымыз керек. Қалай өнер көрсетеді, сол бойынша таңдау жасаймыз. Дауыстары керемет, диапазондары кең жігіттер болды. Бірақ талап бойынша, олар жүктелген тапсырманы орындай алмағандықтан жобадан кетті», – деді ол.

Жіберіп алмаңыз:

Мейрамбек Бесбаев журналистерге деген ренішін жасырмай айтты

Сәкен Майғазиев: Менің орныма «МузАртқа» Саят Медеуовті алғысы келген

Баян Есентаева күйеуін ренжіткенін мойындады

Сыртқы келбеті адам танымастай болып өзгерген жұлдыздар кімдер?

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
09.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар