Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«МузАРТ Live» финалисі: Мен шетелдік әндерді мүлдем тыңдамаймын

«МузАРТ Live» мегажобасының финалисі Иса Әлимұсаев соңғы жаңалықтарын бөлісті. Мұнымен қатар, жас әнші қазақ сахнасындағы өнерпаздарды бөліп-жармаса да, шетелдік әндерді мүлдем тыңдамайтынын айтып өтті.

IE8t8rPr6I8

Бұл туралы “Таңшолпан” бағдарламасында айтылды.

– Дәл қазір шығармашылығыңда қандай жаңалықтар болып жатыр?

– Мен енді ғана танылып жатқандықтан, жаңа бағыттағы жаңа әндер жазып жатырмын. Бірер күннен соң алғашқы бейнебаяным көрермендерге жол тартады. Аталған бейнебаян «Жұлдыз шығармыз» деген әнге түсірілді. Авторы – өзімнің бауырым Алпысбек Мұңайбайұлы, сөзі Нұртас Тұрғамбекке тиесілі.

– Қазір «жігіттердің барлығы бір-біріне ұқсайтын стильде киініп, ұқсас әндер айтады» деген пікір қалыптасқан. Халықты таңқалдырып, тосыннан жаңа қырыңмен танылу ойда бар ма?

– Бұйырса, жаңа стильдегі әндерді жазып жатырмыз. Халық өзі бағалай жатар деген ойдамын. Жеке өзім әннің сөзіне көп мән беремін. Әннің мәтіні ауызекі әңгіме секілді өрбіп, қарапайым иірімдермен өрнектелуі тиіс.

– Димаш Құдайбергенов секілді халықаралық байқауларға қытысып, бағыңызды сынау ойыңызда бар ма?

– Әрине, мен де Қазақстанның атын шығарып, абыройын асқақтатқым келеді.

– Өнерде кімді үлгі тұтасыз?

– Өнерде ешқайсысын бөліп жармаймын. Барлығын қатар тыңдаймын. Шыны керек, шетелдің әндерін қызығып тыңдамаймын.


Жіберіп алмаңыз:

Ерке Есмахан өзі жүргізген тойда қалыңдық гүлін тосып алды

Қазақстандықтар Бақытбек Есентаевты босату туралы петицияға қол жинап жатыр

Димаш “I am singer” байқауында өзінің туындысын орындайтын болды

Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Әнуар Нұрпейісовтен кешірім сұрады (видео)

Талқылау