Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұсылман студенттер Парижде Хиджаб күнін өткізді

Париждегі университеттің мұсылман студенттері өткізген Хиджаб күні шарасы қоғам қайраткерлері мен желі қолданушыларының наразылығын тудырды.

hijab-day-gets-mixed-reaction-at-paris-university-1461170593-2055

Хиджаб күнін саясатты зерттеу институтының студенттері ұйымдастырған.

«Біздің мақсатымыз – өздері жайлы көп сынайтын, алайда олардың пікірімен санаспайтын әйелдерге ерік беру», – дейді шараны ұйымдастырушылардың бірі Летиция Демайя.

Желіде #’HijabDay хэштегімен тараған шара көптеген желі қолданушыларының наразылығын тудырды.

«Ал , Шариғат күні, Тас ату күні, Құлдық күні қашан болады?», – деп жазады жазушы, философ Бернар Анри Леви.

Ал, оқу орнының студенттер кеңесі бұл шараны қолдамаған. Олардың айтуынша, бұл шара республиканың құндылықтарына, әйелдерге құрметпен қарамағанның белгісі.

Хиджаб күні Францияның премьер-министрі Мануэль Вальстің оқу орындарында орамал тағуды тыю керектігін айтқаннан кейін екі күннен соң ұйымдастырылған.

Францияда 2011 жылы бетін толықтай жауып тастайтындай етіп киінуге (ниқаб, паранджа, чадра т.б.) тыйым салынған. Бірақ, оның ішінде әйелдің бетін жаппай тек басына тағатын хиджабқа тыйым болмаған.

Талқылау