Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұрат Әбенов туристен 40 мың теңге жымқырған таксишіні қорғап сөйледі

Мұрат Әбенов күні кеше шетелден келген қонақтан жолпұл ретінде 40 мың теңге ақша сұраған такси жүргізушісін қорғап сөйледі. Мұнымен қатар, қоғам белсендісі басқа кәсіпкерлер мен қызметкерлерге табыс табуға кедергі жасамауды сұрады.

18952999_10211245011856023_8309907623594315554_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«Такси жүргізушісі 40 мың теңгені қағып түсті дейсіздер ме? Қуып жетіп, қолын кісендеп, ақшасын тартып алып, артынша жұмыстан шығарып жіберіпті. Құрметтілерім, EXPO кезіндегі кішігірім бизнестің өркендеуіне кедергі жасамаңыздаршы. Сіздердің ақыларыңыз кетіп бара ма? Соңғы күндері лентада адамдардың тіріліп, байбаламға салынып жатқаны байқалады. Әркімнің өз ақиқаты бар. Бірі көбірек көңіл көтерсе, енді бірі көбірек жұмыс істейді… Сол себепті, көптеген шенеуніктер эйфория мен мерекенің құшағында жүр! Барлығы біреуді күтіп алып, бір қуанышты атап өтіп, би билеп, селфи жасап жүр. Ал кәсіпкерлер клиенттердің көбейіп қалғанын естіп қарқынды түрде жұмыс істеп жатыр.

Олардың көңіл көтеретін уақыттары жоқ. Себебі, ЭКСПО-ның бір күнінде бір жылға жететін ақша тауып қалуға болады. Тіпті, бірнеше жылға жетуі мүмкін. Мысалы, құлақ кемістігі бар адамдарды қамқорлығына алатын «Үнсіз әлем» қайырымдылық қорын алайық. Олар кемістігі бар адамдарды жұмыспен қамтамасыз етеді. Соңғы бірнеше айдан бері Қор тоқтамастан ұлттық нақыштағы кәдесыйлар әзірлеп жатыр. Тіпті, демалмай ойыншықтар тоқып жатыр. Шетелдік қонатардың барлығына фирмалық ақ түйелерін тарту етпек. Өздеріне де 2017 жылғы ЭКСПО қонақтарына да көтеріңкі көңіл-күй мен естеліктер сыйға тартып жатыр. Кәдесыйларды сапалы етіп жасап жатыр.

Жұмыс істеп отырғандардың көңіл-күйлері көтеріңкі. Себебі, олар жұмыстың арқасында отбасын асырауға болатын қомақты ақша алады. Менің қонаққа келгенімді көріп те қуанып қалды. Олар қандай жұлдыздардың келетінін, концерттер мен фуршеттердің қайда өтетінін білмейді.  Оларды мұндай жерлерге жиі шақырмайтын да шығар. Бір шетінен олардың көңіл көтеріп отыруға уақыттары жоқ. Ең болмағанда, оларға кедергі жасамаса ғой. Оларға ғана емес, кішігірім кәсіпорын иелеріне де. Кедергі жасамаңыздар, қымбаттыларым! Такси жүргізушілерінің, даяшылар мен қонақ үй қызметкерлерінің ақшасын санағанды доғарайық. Сіздердің ақыларыңыз кетіп бара жатқан жоқ қой. ЭКСПО-ның басты мақсаттарының бірі – туризмді дамыту. Қонақтарға қызмет етіп жүргендер оларға қызметтері мен тауарларын ұсына алады. Бұл шараны көп адам асыға күтіп, өнімдерін әзірледі. Олардың да өз мерекелері құтты болсын!» – дейді Мұрат Әбенов.


Жіберіп алмаңыз:

Парламент бала туғанда берілетін жәрдемақы мен зейнетақыны өсіруді мақұлдады

Ақтөбенің қақ ортасында көз жұмған балалар туралы жаңа деректер пайда болды

Астана таксилері ЭКСПО қонақтарын тегін тасуы мүмкін

Азан даусына шағымданған астаналықтарға министрлік жауап берді

Талқылау