Мұхтар Жәкішевтің анасы Назарбаевтан ұлын кешіруді сұрады

Осыдан 8 жыл бұрын сотталған Мұхтар Жәкішевтің анасы Раиса Жәкішева Назарбаевтан ұлын кешіруді сұрады. “ҚазАтомПром” АҚ бұрынғы басшысы қатты науқастанып қалды. Анасының президентке арналған өтініші желіде жарияланды.

Құқық қорғаушы және қоғам белсендісі Бақытжан Төреғожина желідегі парақшасында Жәкішевтің денсаулығы мен отбасы туралы жазба жариялады.

Төреғожинаның айтуынша, Мұхтар Жәкішевтің денсаулығы нашарлаған. Ол күніне 30 дәрі қабылдайды.

«Қазір ол Қарағанды облысы Долинка ауылындағы АК-159/6 мекемесінің санитарлық бөлімшесінде жатыр. Оның өткір климат әсерінен басы қатты ауырады. Қысымы жоғары болғандықтын жағдайы күннен-күнге нашарлауда. Сондықтан күніне бірнеше дәрі ішуіне тура келеді», – деп жазған Төреғожина.

Жәкішевтің 79 жастағы анасы 2017 жылдың қарашасында президентке өтініш жасаған. Онда әйел қатты науқастанып қалған ұлының жағдайын айтып, бостандыққа шығаруын сұраған.
Төреғожина да парақшасында желі қолднушыларынан босатуын сұрап пікір қалдыруларын өтінген.

Мұхтар Жәкішев 2009 жылдың мамырында ірі уран кен орындарындағы мемлекеттік акцияларды сатқаны үшін айыпталды.

Ол 2010 жылы наурызда пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. 14 жылға бас бостандығынан айырылып, қатаң тәртіптегі түрмеге қамалды.

Тағы оқыңыз:

Қостанайда жасөспірім сыныптастарының қорлығына шыдамай үйінен кетіп қалды

Әкімдік жұмыссыз қалған “Абу Даби Плаза” құрылысшыларына көмектеседі

Зейнеткер: Астанадағы еркекті айналдыруға арналған “Гейша” мектебіне баратын кемпірлер – надандар

Келер жылдан бастап тіркелмеген телефондарға байланыс қызметтері көрсетілмейді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
20.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар