Келер жылдан бастап тіркелмеген телефондарға байланыс қызметтері көрсетілмейді

Ұялы телефондарды онлайн-тіркеудің баламалалы тәсілдері қарастырылуда.

2019 жылдың қаңтар айынан бастап тіркелмеген телефондар үшін байланыс қызметтері көрсетілмейтін болады. Көптеген тұтынушылар ұялы телефон операторлары бөлімшелеріне жүгінгісі келмейді. Сондықтан бүгінде электрондық-цифрлы қолтаңба, SMS немесе USSD-командалар арқылы онлайн тіркеудің баламалы жолдары қарстырылуда. Бұл туралы Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев мәлімдеді, деп хабарлайды Bnews.kz.

«БАҚ туралы заңның жүзеге асырылуы бойынша күрделі мәселелер жоқ. Міндетті сәйкестендіруге қатысты біз «пікір білдірген» интернет-ресурс басшыларының барлығымен кездесіп сөйлестік. Қажет жұмысты олар жақын уақытта атқарып бітеді. Бұл тұрғыдан бір реттік SMS-құпиясөз арқылы тіркеу ыңғайлы болып тұр», — деді Абаев.

Министр IMEI-кодтарды тіркеу туралы шешім экстремизм және терроризммен күресті күшейту аясында 2016 жылы енгізілгенін атап өтті.

«IMEI-код ұялы телефон иесін анықтауға мүмкіндік бермейді. Сондай-ақ нарықта IMEI-коды бірдей ұялы телефондар да кездесіп жатады. Бұл жағдайға байланысты бірден-бір шешім ретінде IMEI-кодты ЖСН және абонемент нөміріне байланыстыру болып отыр. Ал телефон осылайша тіркелген кезде, оны ұрлау әрекеті де мағынсыз болып қалады»

Министрдің айтуынша, уақытша тіркеу кезіндегідей жағдай қалыптаспас үшін, бұл тәртіпті енгізуге бір жылдай уақыт бөлініп отыр.

Тағы да оқыңыз:

Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апатынан 6 адам опат болды

Ақтөбеде 162 бүлдіршін қатерлі ісік ауруына шалдыққан

Елімізде әріптестер арасындағы махаббат хикаясының әрбір бесіншісі үйлену тойымен аяқталады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
20.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар