Ақтөбеде 162 бүлдіршін қатерлі ісік ауруына шалдыққан

Облыста 162 жеткіншектен қатерлі ісік анықталып отыр. Бүлдіршіндерден анықталып жатқан онкологиялық дертке көмек көрсете алмаған дәрігерлер ата-аналарды сергек болуға шақырады.

Дерт әбден асқынғаннан кейін ғана дәрігерге келіп, ем сұраудан нәтиже жоқ, деп жазады aktobenews.kz.

«Балалар онкологиясына қатысты ақпаратпен жұмыс жасау төмен. БАҚ арқылы үнемі хабарланып отыру керек. Қандай белгілерге көңіл аудару керек, бала денсаулығын сақтауда нені ескеру керек. Ақпараттың жетіспеушілігі үлкен кедергілерге әкеледі. Аурудың асқынуының басы да осы, көңіл бөлмегендік. Мұны дәрігерлер де, ата-аналар да ескеру керек. Ауруханаға кеш анықталған, үлкен қатерлі ісікпен келген балаларды көргенде жаның ауырады. Себебі, оларды енді құтқару мүмкін емес», — дейді онкогематолог Гюнтер Хенце.

Мамандар соңғы 5 жылда елімізде қатерлі ісік ауруына шалдыққан балалар санының көбейгенін растап отыр. Оған себеп – емнің уақытында жасалмауы.

«162 балада онкологиялық ауру белгілері анықталды. Лейкоз диагнозымен тіркеуде тұрғандар бар. Бұл дертке иммунитеті төмен, әлсіз балалар бейім», — дейді онкогематолог.

Қазіргі уақытта Ақтөбеге арнайы шақыртылған неміс профессоры Гюнтер Хенц облыстық балалар клиникалық ауруханасында онкологиялық дертке шалдыққан балаларды қабылдап жатыр. Шетелдік маман жергілікті дәрігерлерге шеберлік сабақтарын өткізіп, өз тәжірибесімен бөліспек.

Тағы да оқыңыз:

Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апатынан 6 адам опат болды

ОҚО-да 7 жасар бала тоққа түсті: Дәрігерлер бір қолын кесіп тастауы мүмкін

Елімізде әріптестер арасындағы махаббат хикаясының әрбір бесіншісі үйлену тойымен аяқталады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
18.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар