Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұхамеджанованың есімі Айшвария Раймен қатар тұратын болды

Актриса Қарлығаш Мұхамеджанова әйгілі брендтің Қазақстандағы таныстырушысына айналды.

image

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Ойнайтын рөлдеріне асқан талғампаздықпен қарайтын Қарлығаш Мұхамеджанова L’Oréal Paris брендінің Қазақстандағы таныстырушысына айналды.

Осыған дейін L’Oreal Paris брендін Наоми Уоттс, Джуллиана Мур, Ева Лонгория, Айшвария Рай сынды әлемдік деңгейдегі танымал жұлдыздар таныстырған болатын. Енді міне олардың қатарына Қарлығаш Мұхамеджанова да қосылды.

“Мен үшін бұл марканы әлемдік деңгейдегі жұлдыздармен қатар тұрып таныстыру – үлкен мәртебе. Жуырда біздің ортақ жұмысымыздың жемісін көретін боласыздар”, – дейді Қарлығаш Мұхамеджанова.

3872b137ce140c1ddc3958592a2

Бұл жаңалықты естіген желі қолданушылары актрисаны құттықтап, шығармашылықта табыс тіледі. Мұнымен қатар, жарнама ролигінде емес, жаңа фильмде көруді асыға күтіп жүргендерін де айтып өтті.


Жіберіп алмаңыз:

Мұхамеджанова: Табысқа жету үшін таныс-тамырдың қажеті жоқ

“Сәбина келін 2” фильмінде оның күйеуіне таласатын қарсыласы пайда болады

Кекіл немесе кекілсіз: Қай жұлдызға қандай шаш үлгісі жарасады?

Тағдыр қоспаса да, халық қосқан жұлдызды ғашықтар

Талқылау