Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұғалімі дәретханада киім ауыстырған бастауыш сынып қыздарын видеоға түсіріп келген

АҚШ-та музыка пәнінің мұғалімі дәретханада киім ауыстырған бастауыш сынып оқушы қыздарын видеоға түсіргені үшін қамауа алынды. Мұғалімнің үйінен оқушы қыздарды түсірген 50-ден аса видеожазбалар табылды.

866ef1c0ae7a1d53a7d32d475b81ba29__1440xФото: © twitter.com/MNPDNashville

30 жастағы Джаретт Джонс Нашвилл қаласындағы мектептердің бірінде сабақ береді. Ол оқушыларға хор айтқанда киетін мектеп формаларын беріп, дәретханада ауыстырып келуін сұрайтын болған. Өзі дәретханаға жасырын камера орнатып, ондағы қыздарды таспаға түсіріп жүрген.

Ол видеоның әрқайсысына оқушы қаздардың есімдерін жазып жүріпті. Оның компьютерінен 1000-ға жуық өзге де жалаңаш қыздардың суреті табылды.

Бұл қылмысты ашуға оның әріптесі себепші болды. Джонс әріптесінен компьютерлік қызметтерді үйретуді сұраған. Алайда, әріптесі оның компьютерінің ішінен видеолар мен суреттерді байқап қалып, полицияға хабар беріпті.

Қазір кәмілеттік жасқа толмағандармен сексуалды сипаттағы қатынасы үшін мұғалім жұмысынан қуылып, 100 мың доллар көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

Полицейлердің айтуынша, ол бұл жазамен де оңай құтыла алмайды.


Жіберіп алмаңыз:

Шыңғыс ханның еуропалық тұқымға жататыны анықталды

Әлемдегі ең сексуалды стюардессалар (фото)

Тайвань тұрғыны тапсырыс берген iPhone 7 қорабынан ескі екі телефон шыққанын айтып шағымданды

Талқылау