Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұғалімдердің жалақысын көтеруге қанша қаржы бөлінетіні белгілі болды

Мұғалімдердің жалақысын көтеруге бюджеттен 62 миллиард теңе бөлінетін болды. Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасын таныстырды.

“Мемлекет басшысының жолдауын жүзеге асыруға 292,5 миллиард теңге бөлінеді. Оның 106 миллиард теңгесі адам капиталын дамытуға, 62 миллиард теңгесі мұғалімдердің жалақысын 30-50 пайызға көтеруге бағытталған“, – деді Сұлтанов.

Сонымен қатар, Назарбаев университетін дамытуға 31,7 миллиард теңге, мүгедектерді қамқорлайтындарға төленетін жаңа жәрдемақыға 2,7 млрд теңге бөлінеді.

Министрдің айтуынша, білім беру гранттарын ұлғайту бойынша 5 млрд теңге бөлінбек. Ал төртінші бастама бойынша микрокредиттеуді 60 млрд теңгеге жеткізу мақсатында қосымша 20 млрд теңге қарастырылып отыр.

Тағы оқыңыз:

Эстониялық министр Қазақстан саясаткерлеріне Бораттың суретін көрсетемін деп ұятқа қалды

Қазақстандықтар мекенжайын 20 минутта тіркей алады

Министр республикалық бюджетке енгізілген өзгерістермен таныстырды

Атырауда ата-енесі бес ұлы мен келінімен бір шаңырақ астында тұрып жатыр

 

Талқылау