Мұғалім мектептегі жемқорлықты әшкерелегені үшін қысым көріп жатқанын айтты

Бейсенбі, 28 Сәуір , 2016 23:05

Алматы облысы, Іле ауданында мектептегі жемқорлықты ашқаным үшін қысым көріп отырмын деген мұғалім Айнұр Күленбаева арнамыздан араша сұрап келді. Айтуынша, 2015 жылдың күзінен басталған қуғындаудан әлі көз ашпаған.

ұстаз
Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Ұстаздық өтілі 15 жылдан асқан Айнұр Күленбаева мектептегі парақорлық жағдайын әшкерелегенім үшін әділетсіздік пен қысым көріп келе жатырмын дейді. Айтуынша, осы оқу маусымының басында сол кездегі мектеп директоры аттестациялық комиссия келеді деп мұғалімдерден 27 мың теңгеден ақша жинатқан екен.

«Алтыны барлар алтын өткізді. Кредит алатындар кредит алды. Ал мен жалақым балаларымның тамағынан артылмайды. Сөйтіп жүргенде, ата-аналардан арыз түсірді бұлар»,-дейді мұғалім Айнұр Күленбаева.

Содан кейін қысым көрген Айнұр Нұрсейітқызы құзырлы органдарға шағымданып, бұрынғы директорының үстінен қылмыстық іс қозғалады. Талапкердің кешірім беруімен, оған бір миллион теңге айыппұл салынған. Алайда осы оқиғадан соң ата-аналар мен мектеп ұжымын өзіне қарсы қоятын топ пайда болды дейді. Облыстық білім саласындағы бақылау департаментіне ішінде санитар қызметкерлері бар, жиыны 90 адам қол қойған, мұғалімді қызметтен шеттету туралы мәлімдеме түскен. Олардың бірінен бұл туралы сұрағанымызда.

– Сол рас па? – Жоқ. – Сіздің фамилияңыз тұр ғой мұнда. – Мен ештеңені білмеймін. – Неге қол қойдыңыз? Қол қойғаныңыз рас па?..

Айнұр Нұрсейітқызы ұстаздардың мектептегі жағдайды жасырып, керісінше өзіне қысым көрсеткеніне күйінеді. Ал директор кабинетінің алдында Айнұрға мектептегі тексерісті көбейттің деп айыптаған бір топ ұстаз дүрсе қоя берді. Басшылыққа жаңадан тағайындалған мектеп директоры бұл мәселелер туралы білетінім аз дейді.

«Маған бұл туралы мұғалімдер арыз жазған жоқ. Өтірік айтып неғылам. Айтуын айтты. Өйткені, бұл кісінің айтқан жалобасына, жеті жаққа жібере салдым деді ғой, үш жерден келді тексеріп»,- дейді Алматы облысы, Іле ауданындағы №17 орта мектеп директоры Жанат Имашева.

Сондай-ақ, үйден оқитын бірді-екілі оқушылардың ата-аналары Айнұр Күленбаеваның үстінен шағым айтып келіпті. Күйінген мұғалім мұны да қолдан ұйымдастырылып отыр деп санайды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Бул рас мектеп директор .бары колым да тур деп.жала жауып жумыстан шыгарып .из адамдарын тыгады.акша жинайтындары да рас

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар