Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Моңғолия президенті 28 бала тәрбиелеп отыр

Моңғолия президенті балаларының саны өзге мемлекет басшыларымен салыстырғанда әлдеқайда көп. Оның 5 туған баласы (төрт ұл, бір қыз) және 23 асырап алған баласы бар.

145966804717156859

Бұл туралы m.pikabu.ru хабарлайды.

Моңғолия президенті Цахиагийн Элбэгдорж Львовтағы әскери-саяси училищені (әскери журналистика мамандығы бойынша) және 2002 жылы Дж. Кеннеди атындағы Гарвардтың мемлекеттік басқару мектебін (мемлекеттік басқару магистрі) тәмамдаған.

1459667739181069167

Оның зайыбы Хажидсуренгийн Болормаа 1988 жылы Львов мемлекеттік университетін, 2005 жылы АҚШ-тың Вирджиния штатындағы бизнес және технология ұлттық колледжін бітірген. Ол “Hope-Cancer-Free” ұлттық қорының негізін салушы әрі басшысы.

maxresdefault

Сурет youtube.com

Моңғолияны 2009 жылдың 18 маусымынан бері басқарып келе жатыр. Екі мәрте премьер-министр болған. Ұлы мемлекеттің хуралдың да (парламент) вице-спикері болған.

Талқылау