Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мөлдір Әуелбекова өзі түлеп ұшқан КешYou тобын алғашқы концертіне шақырмайды

«Ит жылы –  хит жылы болады», – дейді Әуелбекованың командасы. Иә, декреттік демалыстан оралған Мөлдір, биыл алғашқы жеке концертін өткізбек. Бірақ, әнші бикеш бұл кешке өзі түлеп ұшқан «Кешью» тобын шақырудан бас тартып отыр.

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Қалың көпшілікке «Кешью» арқылы танылғанымен, Мөлдірдің аталмыш қыздар ұжымымен қарым-қатынасы әлдеқашан үзілген. Сондықтан болар, Әуелбекованың алғашқы кешінде ән салатын әртістер тізімінде Баян Алагөзова басқаратын гелзбендке орын бұйырмапты.

“Мейрамбек ағамыз бар, Нұржан Керменбаев бар, Төреғали бар. Ернар Айдар бар, Райым Уайыс бар, Мырзахан бар… Енді, әйел адамдардан бір ғана кісімен дуэт айтыппын, ол біздің Роза Қуанышқызы. Мен және дуэттер қатысады, менімен орындалған”, – дейді Әуелбекова.

Әуелбекованың ән кеші биылғы күзде симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен өтпек. Алайда, бұл концерт 2015-ші жылы ұйымдастырылуы тиіс еді.

“Бірақ мен тұрмысқа шықтым. Сол себепті, барлығы басқа уақытқа қалып қойды. Енді, декреттік демалыстан кейін осылай сәті түсіп жатыр деп ойлаймын”, – дейді Мөлдір.

Бүгінгі әншілер қауымы ауқымды аудитория жинап, зәулім сарайды тыңдарманға толтыру үшін, хит әнінің болуы шарт деген түсінеді. Алайда, Әуелбекова өнердегі әріптестерінің бұл пікірімен келіспейді.

“Іздемеймін де хитті. Әр әншінің өзінің тыңдарманы бар деп ойлаймын. Мен хит іздеп, мынау ән хит, мынау ән халыққа өтеді-ау деп, ондай ешқандай да мақсатым жоқ”, – дейді Мөлдір.

Хит іздеп, әбігерге түспейтін әншіні қаржылай қолдайтын кім?!

“Продюсерім жоқ, демеушім жоқ. Барлығы өзіміздің жиған-тергеніміз.. Әйтеуір ата-анам бар”, – деп түсіндірді ол.

Айтпақшы, шығармашылыққа білек сыбана кіріскен Мөлдір, көктемде 23 тректен тұратын алғашқы альбомын жарыққа шығармақ. Ал, дәл қазір «Арман алдамайды» деп аталатын су жаңа әніне бейнебаян таспалап жатыр.

Жіберіп алмаңыз:

Алтынай Жорабаева “ажырасқалы құтырып кетіпті” деп сынағандарға жауап берді

Білімсіз режиссер: Бүркіт алғашқы кинокартинасының сәтсіз шыққанын мойындауға мәжбүр болды

Қайрат Нұртастың әкесі жас қыздарға қырындайтын ағалар туралы клип түсірді (видео)

Голливудта әйелімен бал айын өткізіп жатқан шенеуніктің әрекеті тексерілмек

Талқылау