Мөлдір Әуелбекова не себепті жаңа клиптің шикі шыққанын түсіндірді
Мөлдір Әуелбекова «Туған ел» атты бейнебаянын небәрі жарты күнде түсірген. Одан бөлек, үйде 3 айлық баласы күтіп отырғандықтан, киімге де, шаш үлгісіне де өзі таңдау жасамаған.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Ұзақ уақыттық декреттік демалыстан кейін Мөлдір Әуелбекова қызу жұмысқа кірісті. Ұлы небәрі 3 айға толғанда бейнебаян түсірген әнші оның шикі шыққанын мойындады. Оған бірнеше себеп бар көрінеді.
“Асығыс жарты күнде түсірілген бейнеклип. Босанып 3 айда қатарға ену қиындау екен, сонда да қоймай түсірдік! Клип қызықтары: киетін киімдерді түсірілім алаңында бір-ақ көрдім! Шаш үлгісі мен бет әрлеуді бірнеше рет өзгертуге дым уақыт болмады! Биді сол жерде жаттадым! Ең маңыздысы асыққан себебім: үйде 3 айлық құлыншағым күтіп отырды!” – деп жазады Мөлдір желідегі парақшасында.
Әнші келесі бейнебаянға дайындалып жатқанын жасырмады. Ол ендігі бейнеклипке асықпай дайындалатынына уәде берді.
Есте болса, бұған дейін Мөлдірдің “Туған ел” атты бейнебаяны туралы жазған едік.
Жіберіп алмаңыз:
KeshYou қыздары жаңа бейнебаяндарында рэп айтты (видео)
Дастан Оразбеков тағы да жұбайына арнап бейнебаян түсірді (видео)
Димаш қатысып жатқан “I am a Singer” жобасы отандық телеарнадан көрсетілетін болды (видео)
Тоқтар кезінде Бейбітке көзі түскен белді тұлғалар туралы бар шындықтың бетін ашты