Мөлдір Әуелбекова қыз ұзататын әншілер қатарына қосылды (видео)

Сейсенбі, 4 Шілде , 2017 14:13

Әнші атаулының негізгі табыс көзі – той. Мұны әртістердің өздері де мойындайды. Нарық заманында нәпақасын салтанатты жиындардан табатын әншілер қауымы тойдың өзін жік-жікке бөліп алған. Ұзату, үйлену тойларына қатысатын әртістер бір бөлек болса, өзге салтанаттарда елдің көңілін көтеріп, билететін әншілер бір бөлек.

ауелбекова 040717

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Сыңсу айтып, алғаш болып “Ақ келін”, “Келінге өсиет” сынды әндерімен қыз ұзата бастаған Гаухар Әлімбекова қазір ел көзінен тасада жүр. Десе де оның әуезді әндерін халық ұмытқан емес. Ал кейінгі кездері сырлы да мағыналы әндерімен елді баурап жүрген Жазира Байырбекова ұзату тойының нағыз “ханшайымына” айналған десек, ешкім ренжімес.

Сол сияқты Қарақат Әбілдина, Салтанат Бақаева, Мәдина Сәдуақасовалар бір-бір әннен жаздырып, қыз ұзататын әншілер қатарына қосылып алды. Енді олардың тізімін әнші Мөлдір Әуелбекова толықтырды.

Жуырда Мөлдір “Сыңсу” атты әнімен қыз ұзату тойына қатысып, Динара есімді аруды шығарып салды.

Қайырлы кеш! Рамазан ағамыздың әдемі әні “Сыңсу” енді менің репертуарымнан орын алды. Ойда жоқта өтінішпен, Динара есімді сұлуды ұзатуға мен де, өз әніммен атсалыстым. Бақытты болыңыз! #Repost @fc_moldir.auyelbekova (@get_repost) ・・・ Елдің еркесі Мөлдір қыздарыңыздың қолынан ұзатылып, әдемі сыңсумен оң табалдырыққа қадам басқыңыз келсе 87010000457 нөміріне xабарласыңыз, тамаша тойдың куәсі болыңыз❤️❤️❤️❤️ @moldir.auyelbekova @meruert_auyelbekova

Публикация от MOLDIR AUYELBEKOVA #NewLife (@moldir.auyelbekova)

Ал желідегілердің басым бөлігі Мөлдірдің өнеріне тағы да бір рет тәнті болғандарын жеткізді. Араларында “Мөлдір мұны табыс табу үшін ғана жасап отыр” деп сынағандар да табылды.

Жіберіп алмаңыз:

Шаһизада жалғыз келінінің туған күнін білмей ұятқа қалды

Вирусты инфекция жұқтырып алған Ахмадиеваның түр-келбеті тыңдармандарын шошытты

Айару Бақытбек: Кітап арқылы анамды жақынырақ танып, таңға дейін жыладым

Төсекке таңылған сүйіктісіне 7 жыл қамқор болған жігіт жұбымен бірге Ернар Айдардың клипіне түсті (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар