Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мөлдір Әуелбекова: Қазақ эстрадасында тойға шықпайтын әнші жоқ

Әнші әрі жақында ғана продюсер атанған Мөлдір Әуелбекова қазақ эстрадасында тойға шықпайтын әнші жоқ екенін мәлімдеді. Мөлдір жаңадан құрған тобының да той арқылы табыс табатынын айтты.

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

“Бізде тойға шықпайтын әнші бар ма өзі? Қазір ойланып көрейін. Бізде қазақ өнерінде, қазақ сахнасында той -ең алғашқы және ең маңызды табыс көзі. Көптеген концерттер және түсірілімдер бізде төленбейді. Сол себепті менің тобым тойға шықпайды деп айта алмаймын. Өзіміз де тойға шығамыз.  Бәріміз шығамыз, табыс көзі, өздеріне де жақсы ғой мысалы. Тегін шығады деп те айтпаймын. Өйткені менде ешқандай демеуші жоқ, қаражатты өзім құйып жатырмын. Егер де ақылы боп жатса, қыздардың ақысын жемеймін, міндетті түрде өздеріне төлеймін”, – деп түсіндірді Мөлдір.

Бір қызығы, Әуелбекова жаңадан құрған тобына әлі күнге дейін ат таппай жүр. Әзірге атауы жоқ топты Мөлдір қараша айының соңында халыққа таныстырмақ ниетте.

Атап өтетін жайт, алғашқыда 3 қыздан құралатын топ жасақтауды жоспарлаған Мөлдір ақырында 4 бірдей қызды қарамағына алған.

“Төртеуі де талантты болғандықтан, біреуін бөліп алып тастай алмадым”, – деп атап өтті Әуелбекова.

Жіберіп алмаңыз:

 Абай Бегей шетелдік әншілерге қыруар қаржы төлейтін той иелеріне ренжіп қалды

“Нар тәуекел”, “Ыстық ұя” телехикаялары арқылы танымал болған кәріс актрисасы тұрмысқа шықты

Алтынай Жорабаева тікелей эфирге алдап шақырған Ләйлә Сұлтанқызына ұрсып тастады

Аша Матай қызын құттықтаған кезде ән салмаған музыканттарға ренжіп қалды

Талқылау