Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мөлдір Әуелбекова 2 айлық сәбиін бассейнге апарып жүр (фото)

Әнші Мөлдір Әуелбекова жасы небәрі 2 айдан енді асқан сәбиін жүзу бассейніне апарып жүр. Оның айтуынша, балаға 2 айдан бастап арнайы жүзу сабақтарына қатысуға болады. Судағы жаттығулар баланың иммунитетінің күшеюіне, денсаулығының нығаюына мол септігін тигізеді.

Молдір_160217

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«Құлыным жаттықтырушымен әуелі жаттығулар жасайды, содан соң суға түсіп тағы судағы жаттығуларын жасайды! Жүзеді! Сүңгиді! Уақыты 40-45 минут. Бұл өте-өте пайдалы: қол аяғы жұмыс жасайды, есесіне бұлшық еттері тонусты қалыпқа келеді! Иммунитеті күшейеді, температураның дереу өзгерісіне төтеп беруге дайын болады. Жүрек пен бронx жолдары жақсы дамиды. Қан жүрісі жақсарады! Тәбеті ашылады, ұйқысы жақсарады! Міне, аяқталған соң 10 секундтай уақытқа дәл осылай ыңғайсыз тұрып суретке түсуге тура келді! Құлыншағымнан сәлем жолдайыншы дегенім ғой!» – деп жазды әнші.

Ауелбекова-160217

Әуелбекова жағымсыз пікір «шеберлеріне» алдын ала ескерту жасап қойды. Ол арам ниеттілерді бірден қара тізімге жіберетінін мәлімдеді.

«Ескерту: ұлымның қолы күртешенің ішінде жинаулы! Білеріңіз болса, толықтыра отырыңыз! (Бөліскенімді – мақтандың, ақыл айттың, болмаса балама көп көңіл бөлгенімді – еріккенсің т.б. теріс ниетпен қабылдағыш “данышпандар” қара тізімге қош келіпсіздер!)» – деп түйіндеді Әуелбекова.

Жіберіп алмаңыз:

Баян Есентаева өзіне тап берген бойжеткен туралы айтып берді

Айсәуле Бақытбек енді күшігінің тырнағына маникюр жасата бастады (фото)

Қытайлық фанаттар үйлерінің сыртына Димаштың атын жаздырып алған

Аша Матай: Қызымның алдында өзімді сатқын сезініп жүрмін

Талқылау