Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Модель Кембриджде оқу үшін пәктігін сатылымға шығарды

Италия тұрғыны Кембридж университетінде оқуын төлеу үшін пәктігін сатпақшы. Бұл туралы Daily Mail-ге сілтеп Stan.kz хабарлайды.

18-жасар Николь есімін пайдаланушы модель еуропалық эскорт-қызметтерді ұсынатын сайтта аукцион ұйымдастырды. Жас қыздың сөзіне сенсек, ұсынылып отырған қаржы саны миллион евроға жеткен.

Николь пәктігін 16 жасынан бастап сақтап келе жатқанын айтады.

«Мен жасы үлкен еркектермен қарым-қатынаста болдым, бірақ пәктігімді тұрмысқа шыққанға дейін сақтап жүремін деп шештім», – дейді ол.

Италиялық қыз оқу ақысын “төлеу жолын” ғаламтордан іздеп тапқан. Ол бірқатар қыздардың осындай жолмен үш миллион евродан көп тапқанарын көріп, өз мүмкіндігін сынап көрмекші.

Табысқа кенелсе Николь Ұлыбританияға көшіп, Кембридж университетіне оқуға түсіп, ата-анасына үй алып бермекші. Ал, әзірге әке-шешесі ештеңеден бейхабар. Қалған ақшаны әпкесіне көмектесуге жұмсамақ.

3 қаңтарда 23-жастағы қатал діни отбасыдан шыққан америкалық қыздың күйеу жігітінен көңілі қалған соң өз пәктігін аукционға қойғаны туралы ақпарат тараған болатын.

Жіберіп алмаңыз:

Сушиді көп жеген адамның ағзасынан бір жарым метрлік құрт шықты

Әйел балаларынан да артық жақсы көретін мысығына 30 мың еуроны мұра етіп қалдырды

 

Талқылау