Митингке шыққан үлескерлер қатаң күзеттегі ғимаратты басып кірді

Бейсенбі, 21 Қыркүйек , 2017 7:17

Астанада шыдамның шегіне жетіп, әбден ашынған үлескерлер енді ештеңеден тайынбайтын сияқты. Бүгін соңғы үмітпен митингке шыққан үлескерлер, Бас прокурор отыратын, қатаң күзеттегі ғимаратты басып кірді. Күйінген жұрт тек Жақып Асановпен кездесуді талап етіп, өзге шенділерге сенбейміз деп шулады.

митинг 2109

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Әр аймақтан жиналған 40 шақты салымшы аяқсыз қалған баспананы салып бітіруі тиіс «Орда Инжиниринг» компаниясының активтерін бақылауда ұстауды талап етіп отыр. Өйткені, үлескерлердің ақшасын жеп, үйсіз қалдырған «Азбука жильяның» топ менеджерлері сотталып кеткен.  Ал жұртқа жайлы баспана уәде етіп, 4 мыңнан астам салымшының 40 миллиард теңгесін қалтаға басқан экс-депутат Ерғанат Тайжанов Автстрияда үйқамақта отыр. Құзырлы органның миллиардтарды қалтаға басқан кәсіпкерді қайтаруға қауқары жетпеген сияқты. Сан соққан салымшыларға бүгін Жақып Асанов төбе көрсетпеді. Шулаған халыққа шыққан орынбасары жұртты сабырға шақырып, бұл мәселені шешу үшін Астана әкімі Әсет Исекешовпен кездесу ұйымдастыруға уәде берді.

Жіберіп алмаңыз:

Канадада қаза тапқан отандасымыздың денесін елге жеткізу созылып кетуі мүмкін

Шымкентте жоғалған оқушы табылды

Шымкентте діндарларға қатысты өткен арнайы операция құпия ұсталуда

Атырау облысында тұрғындар мен шекарашылардың төбелесіне қатысты жаңа дерек шықты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар