Атырау облысында тұрғындар мен шекарашылардың төбелесіне қатысты жаңа дерек шықты

Сәрсенбі, 20 Қыркүйек , 2017 21:52

Шекарашыдағы шатақ! Атырау облысында Жанбай ауылының жігіттері 20-16 әскери бөліміне қарасты шекара заставасындағы сарбаздармен жаға жыртысқан,-деп жазды КТК арнасы.

шекара

Топтасқан төбелесті қазір құзырлы орындар тексеріп жатыр. Қолдағы мәліметке қарағанда, жаттығудан қайтып келе жатқан екі әскериді жанбайлықтар көлікпен әдейі қағып өтіпті. Олардың бірі командирдің орынбасары екен.

Командир орынбасары ауыл тұрғындарының шабуылынан жеңіл жарақат алған жауынгерді ішке қайтарып, дауды жалғыз өзі шешпек болады. Бірақ жанбайлықтарға тағы да бірнеше жігіт көмекке келген екен. Қашып құтылған офицер ішке келген соң ескерту ретінде оқ атқан.

-Мылтықты неге атады?

Әскерилердің бұл қылығы ұнамаса керек, жанбайлықтар оларды заставаға дейін қуып келіп, басшылықтың шығуын талап еткен.

-Неге  қағады? Жөнімізге келе жатырмыз ғой.

– Ей, сен кімсің?

– Мен бастықтың орынбасарымын.

– Бастығыңды шақыршы!

Осылай деп ашуға булыққан жігіттер ескерту ретінде оқ атылғаннан кейін ғана тарай бастапты. Ал шекарашылардың бұл әрекетін әскери прокуратурадығылар заңды деп отыр.

«Өз өмірлерін сақтау үшін олардың бұлай әрекет етуі заңсыздық емес. Олар осылай жасауға міндетті. Қазіргі кезде біз бұл деректі тіркедік.

Және қызметтік тексеріс жүргізіп жатырмыз. Егер шекарашылар оқ атып, ескерту жасамағанда, олар өз қызметтерін орындамаған болар еді»,-дейді Батыс аймағының әскери прокуроры    Жанболат Аекенова.

Жанбай ауылы Каспийдің жағасында орналасқан. Ал мұндағы заңсыз балық аулаушылар мен шекарашылар арасында осындай қақтығыс жиі болып тұрады.

Осы оқиғаға байланысты әскери бөлім басшылары жергілікті халықпен кездесу өткізіп, оларға түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Ал, жанжал шығарып, әскерилерді ашық айқасқа итермелегендер Қылмыстық Кодекстің “бұзақылық” бабы бойынша жауапқа тартылып жатыр екен.

Оқи отырыңыз:

ШҚО-да желіге әдепсіз суреттерін жариялаған шенеуніктер жазаланды (фото)

Алматылық бала көрші аулалардағы шашылған қоқыстарды жинап жүр (фото)

Шымкентте 3 жасар бала ашық жатқан сым тоғына түсіп, қолын тұтас күйдіріп алды

Тоңазытқыштан табылған егіздердің ағасының әрі қарайғы тағдыры белгілі болды

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар