Қазақстандық модель Miss Tourism World конкурсында үздік 15-тің қатарына енді

Дүйсенбі, 18 Қаңтар , 2016 17:32

Қазақстандық ару “Үздік кешкі көрсетілім” номинациясында жеңімпаз атанды. “Мисс Астана-2015” атанған қазақстандық Әсия Әбісова “Miss Tourism World” халықаралық конкурсының үздік 15 моделінің қатарына енді.

569c7113a2d221453093139

Бұл туралы Казахстанская Правда хабарлайды.

20 күн ішінде әлемнің 48 елінен келген үміткерлер Miss Tourism World 2015/16 атағына таласты.

“Конкурс өте керемет өтті. Эмоциялар толқынынан ерекше әсерге бөлендім. Қазақстанның да үздік 15-тің қатарына еніп, мен де үлкен жетістіктерге үміт ете бастадым. Әрине, алда не болатынын болжай алмайсың”, – деп Әсия өз әсерімен бөлісті.

Қазақстандық ару, үздік 15 адамның қатарына кіріп ғана қоймай, Miss Tourism World Best Evening Gown (үздік кешкі көрсетілім) титулын да жеңіп алды.

“Қазақстандық дизайнерлер мен конкурс ұйымдастырушыларына үлкен алғыс білдіремін. T&T fashion және Samidel, Наталья Маныловалар менің жеңісіме үлкен үлес қосты. Қолдауы үшін және барша қазақстандықтарға бас иіп рахмет айтамын. Сайыс өте жоғарғы деңгейде өтті”, – дейді қазақстандық модель.

569cb1ef0591d1453109743

Ал Miss Tourism World 2015/16-ның бас жүлдесін Таиландтық ару еншіледі. Ол конкурстың ресми сайтында ең көп дауыс жинаған. Үздік бестіктің қатарына Эквадор, Венесуэла, Сербия және Ұлыбритания өкілдері де енді.

72093-preview-image

Miss Tourism World конкурсының басы мақсаты – туризм және экотуризмді дамыту, әлемдегі экономикалық ахуалдың дұрысталуына, күрмеулі мәселелердің кең ауқым алуына жағдай жасау. 14 жыл ішінде осы сайысқа біздің елімізден 17 финалист қатысып, олардың 7-еуі жүлдегер атанып және бір мәрте бірінші орынға ие болған.

10666192_221144828218498_1216750126_n

12407359_157841207917492_445462592_n

Фото: Инстаграм

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар