Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министрлерге смартфон пайдалануға тыйым салынды

Қазақстанның министрлеріне кеңестер, жиналыстар барысында интернетке қосылатын, фото және бейне түсіру камералары бар телефонды пайдалануға тыйым салынды.

samsung_galaxy_s6_image_3_obofon.ru

Сурет: www.obofon.ru 

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысынан кейін журналистер осы мәселеге қатысты ведомство басшыларының пікірін білген болатын.

Мәселен, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенованың айтуынша, бұндай ереже әлемнің көптеген елдерінің үкіметтерінде біраздан бері қолданылып келеді.

«Қандай да бір мемлекеттік органдарға барғанда ондай телефондар белгілі бір көрсетілген орындарда уақытша қалдырылады. Сосын одан шыққаннан соң қайта алып, пайдалануға болады», – деді Т. Дүйсенова.

Ал Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың айтуынша, ішкі істер ведомствосында бұл ереже бұған дейін де қолданылып келеді. «Мұндай ұялы байланыс қондырғыларын біздерде жиналыстарға алып кіріп, қолдануға тыйым салынған. Өйткені, ішкі істердегі көптеген мәселелер құпиялы болып келеді», – деп түсіндірді министр.

Талқылау