Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Месси спорттық мансабындағы 500-голын соқты

Испания примерасының 33-турының матчында «Валенсиямен» кездескен «Барселона» форварды Лионель Месси өзінің спорттық мансабындағы 500-голын соқты.

115180

Аргентиналық футболшы клубтың ресми матчында 450 және ұлттық құрама үшін 50 соққан.

Месси 1987 жылы 24 маусымда Росариода дүниеге келген. Әкесі – Хорхе Месси, анасы – Силия Месси (қыз кезіндегі тегі – Кусситини). Оның атасы Анджело Месси 1883 жылы Италияның Анкона қаласынан Аргентинаға көшеді.

Оның Родриго мен Матиас атты екі ағасы жене Мария Соль атты апасы бар. Месси футболды өз әкесінің Грандоликлубында 5 жасынан ойнай бастайды. 1995 жылы Месси «Ньюэллз Олд Бойз» командасына көшеді.

 

Талқылау