Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мешіттегі оқиға: Бастан-аяқ қара киінген қыздар қазақ әжейдің оқыған намазын мазақ қылған

Мешітке намаз оқуға барған қыздар әжейдің басынан өткерген әңгімесін тыңдап, жағаларын ұстады.

235654928

Алпысты алқымдап қалған, бірақ қимылы ширақ Айзере апаның айтуынша, біраздан аурухана төсегіне таңылған немересіне, мешітке келіп Жаратқаннан шипа сұрамаққа арнайы жұма күнді таңдапты.

Біз де құрбымыз екеуміз түскі намаз уакытын өткізіп алмас үшін мешітке келдік.

Намазымызды өтеп, кетпекке оқталған едік:

«Қалқам-ай, қызым, қарап жіберші, менің оқыған намазым дұрыс па, бұрыс па?» – деп қария апа намаздың оқылу ретін, тасбихтың айтылуын төпелеп сұрап жатыр.

“Айналайын, мен Айзере апаң болам, айтайын дегенім, мешіт киелі жер, періштелер ордасы ғой деп, песін намазына дейін де, кейінде отырып, Алла тағалаға зікір айтып немереме, сосын немерені уәйім  қылып ауырып қалған шалға да дұға жасайын деген үлкен ниетпен келіп едім.  Өздеріңнен сұрамасам болмады, осында біраз уақыт бұрын үш-төрт қыз болған жанымда, өздері бастан-аяқ тек қара киінген, бірнешеуі көзін ғана көрсеткен әрі қолғап та киген. Бірақ олар намаздарын оқып болып ұзақ отырды. Мешіт залында даурығып сөйлесті, дауыстап күлді. Кейін мен: «Қыздарым-ау, бұларың не, ақырын сөйлессеңдерші», – деп едім ескерту жасап, арасынан бірі: «Әуелі өзіңізге қарап алмайсыз ба? Оқыған намазын қарасайшы итке ұқсап оқиды», -деп қойып қалмасы бар ма. Тағы бірі: «Иәә, бұлар намазды осылай оқиды», –  деді де, бәрі қарқылдап күлді. Мен не істерімді білмедім, қатты ыңғайсыздандым көпшілік алдында. Бұл мешіт қой, олар құлшылық жасауға емес, кафеге келгендей екі сөздерінің бірі: «ахи, ахи», бірін-бірі «ухти, ухти» деп атайды. Жаратқаннан қол жайып отбасымның амандығын, немереме шипа сұрайын деп едім… Көзімді жұмсам, қимылсыз жатқан немерем көз алдымда тұрады. Сонда менің намазымның қай жерінен кәте кетті қызым? Намазым…» – деп әжімі қалыңдаған қолдарына көздерінің жасы тамып кетті.

Құрбымыз екеуміз  апайды екі жақтап жұбатып алдық, дұға-тілектерінің қабыл болуын тілеп әрі намазында да айтарлықтай  қате жоқ екендігін түсіндірдік.

Әлгі «ахи, ахи» деп үздігіп отырған, ақылгөй  «ухтиларымыз» – дың өз апасы, әжесі жоқ па, әлде өздері апа-әже болмай ма екен?

Міне,  дін жолындағы қазақ әйелдерінің бір болмысы осы, имандылыққа, ибалылыққа шақырады дегендеріміз. «Сенген қойым сен болсаң демекші»,  миы араб идеологиясымен әбден уланған аты қазақ, заты араб әйел-қыздарымыз дүниеге келтірген ұрпақ мәңгүрт емей кім? Араб менталитетін бойына мықтап сіңірген, тілінен, ділінен, ұлтынан безген  мына «ахи», «ухтилар» Қазақ басына күн туса –  «мен қазақ емеспін» деуден тайынбайды.

Араб тіліндегі Алланың Кітабын араб тілінде оқи білмесе де, Пайғамбардың Сүннеті мұрнына иісі бармаса да, данагөй «ухтилар»  уағыз айтқанда алдына жан салмайды, тіпті өздерінен басқаны менсінбейді. Айзере апамыз айтпақшы: «Мыналар ұстанған жолдың ұрқы бөлек екен, беталысының тұқымы құрысын».

Данагөй ахи, ухтилар  емешесі езіліп, аңсарлары ауып отырған Қиыр Шығысы мен Сириясының хәлі нешік, халқының барар жер басар тауы жоқ екі қолын төбесіне қойып босып жүргенін, осындай нашүкірлер аңсаған соғыстан күніне жүздеген  жазықсыз сәбилердің баудай қырылып жатқанын әлемдік жаңалықтардан  көріп-біліп те отыр. Хәлі адамшошырлық елге аңсары ауып қарабасты ма, әлде? Ашық аспан бейбіт өмір, көйлегі көк, тамағы тоқтық емей немене? Елбасымыз бір сөзінде айтқан еді: «Әрине, дауы көп елдің, жауы да көп. Біріміз – саләфит, уахабит, такфирит, енді біріміз – Нұршы, келесіміз – Гүленшіге басшы. Өз қазағың «апа», «әпке», «ағатай», «бауырым» дегендей өз тіліндегі (біле-білсеңіз ең әдемі сөздер) сөзді айтудан гөрі арабтың тілінде «ахи, ухти» деп атауды артық көріпті. Бүйтіп бөлінуді тоқтатпасақ, бөріге таланар күнде алыс емес. Қой дегенге қоймаған, қой дегенге зар болар.

Әркім оң өзгерісті жеке басынан және өз отбасынан бастауы керек. Ұлттық идеологиямыздың  көзалдымызда шытынауына жол берместен, әрбір қазақ жанымен,  тәнімен бұл індеттен құтылу жолында шеттеп қалмай  өз үлесімізді қосайық, бірігейік!».

Өзгенікі көзімізге ай көрініп өз қазақи асыл дінімізді даттап, өзге түрлі ниеті қара, арам пиғылды деструктивті келімсек ағымдарды ақтап әспеттедік. Не таптық, ұлттық тұтастығымыздың іргетасы мүжілді. Енді құлағанын көргіміз келмесе сөзден әрекетке көшетін уақыт жетті. Ислам дінін желеулетіп елдерді бірінен соң бірін ойрандаған сұм саясаттың айласы екендігіне бек көзіміз жетті. Ешкімді қайталамас үйренерінен үйретері көп Қазақ халқының  қасиетті өз жолы Ұлы жол!

Гүлнар Жаладинқызы, дінтанушы

Жіберіп алмаңыз:

Дін істері министрі Ермекбаев «ифтар», «машалла» сынды сөздерді пайдаланбауға кеңес берді

Мектеп басшысы Құран сүресін жатқа айтқан 5 жасар қызды мектепке бірден қабылдаған

Есінеу шарттары: Дінде есінеудің шайтаннан болатыны айтылған

Жолымды қалай ашам деушілерге діндарлар жауап берді

Талқылау